2027 жылғы наурыз айына жеткізілетін «Шұбаркөл көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің сауда сессияларын өткізу туралы.

Осы арқылы «Каспий» тауар биржасы» АҚ сауда бөлімі «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 27.11.2026 ж. № 01.6-3691 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың барлығына 2027 жылғы наурыз айына жеткізілетін сауда сессияларының басталатыны туралы хабарлайды. Сауда сессиялары бес сауда күні бойы, 2026 жылғы 07 желтоқсаннан 11 желтоқсанға дейін Астана уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Сауда-саттық келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL6FCCKS – Ақмола облысы (30 лот)

CL6FCBKS – Алматы облысы (25 лот)

CL6FCHKS – Жамбыл облысы (10 лот)

CL6FCJKS – Жетісу облысы (15 лот)

CL6FCMKS – Қарағанды облысы (50 лот)

CL6FCNKS – Қызылорда облысы (5 лот)

CL6FCPKS – Қостанай облысы (15 лот)

CL6FCSKS – Павлодар облысы (5 лот)

CL6FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (15 лот)

CL6FCXKS – Түркістан облысы (10 лот)

CL6FCAKS – Алматы қаласы (15 лот)

CL6FCZKS – Астана қаласы (15 лот)

CL6FCYKS – Шымкент қаласы (10 лот)

CL6FCGKS – Абай облысы (5 лот)


Келесі техникалық сипаттамаларымен – Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен қатардағы көмір (0-300мм), ҚР СТ 1526-1-2022, лот мөлшері 345 тонна, төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1% мөлшерінде алдын ала қамтамасыз ету, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS). 2027 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 9 683,68 теңгені (Тоғыз мың алты жүз сексен үш теңге 68 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы 9 780,52 теңгені (Тоғыз мың жеті жүз сексен теңге 52 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1035) тоннадан аспайды.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий