2027 жылғы ақпан айына жеткізілетін «Шұбаркөл көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша сауда сессиясын өткізу туралы.
-
27.11.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Каспий» тауар биржасы» АҚ сауда бөлімі «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 27 қарашадағы № 01.6-3692 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына 2027 жылғы ақпан айына жеткізу жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірдің сатылмаған көлемдері бойынша қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды. Сауда сессиясы 2026 жылғы 07 желтоқсанда Астана уақыты бойынша сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда-саттық келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:
CL6FCQKS – Қазақстан Республикасы (133 лот)
Келесі техникалық сипаттамаларымен:
Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, қатардағы көмір (0-300мм), ҚР СТ 1526-1-2022, лот мөлшері 345 тонна, төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1% мөлшерінде алдын ала қамтамасыз ету, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS). 2027 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
Осы сауда құралы бойынша қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 9 683,68 теңгені (Тоғыз мың алты жүз сексен үш теңге 68 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы 9 780,52 теңгені (Тоғыз мың жеті жүз сексен теңге 52 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1035) тоннадан аспайды.
CL8FCQKS – Қазақстан Республикасы (1 лот)
Келесі техникалық сипаттамаларымен – Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, сұрыпталған көмір (50-300мм), ҚР СТ 1526-1-2022, лот мөлшері 335 тонна, төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1% мөлшерінде алдын ала қамтамасыз ету, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS). 2027 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
Осы сауда құралы бойынша қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 10 209,16 теңгені (Он мың екі жүз тоғыз теңге 16 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы 10 311,25 теңгені (Он мың үш жүз он бір теңге 25 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1005) тоннадан аспайды.
Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеу Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, атап айтқанда, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік операторлары тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.
2027 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
27.11.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
27.11.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
25.11.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-