2026 жылғы желтоқсан айында жеткізілетін «Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша көлемін өткізу бойынша сауда сессияларын өткізу туралы (25–300)
-
25.11.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
«Каспий» тауар биржасы» АҚ-ның Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 23 қарашадағы № 01-6.2/1987 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың барлығына 2026 жылғы желтоқсан айына арналған жеткізу жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірдің қосымша көлемін өткізу жөніндегі сауда сессияларының басталатыны туралы хабарлайды.
Сауда сессиялары 2026 жылғы 4 желтоқсаннан 10 желтоқсанға дейінгі аралықта бес сауда күні бойы Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі. Сауда мынадай сауда құралдары бойынша өткізіледі:
CL4EXCKG — Ақмола облысы (18 лот)
CL4EXZKG — Астана қаласы (2 лот)
CL4EXTKG — Солтүстік Қазақстан облысы (12 лот)
CL4EXSKG — Павлодар облысы (8 лот)
CL4EXJKG — Жетісу облысы (3 лот)
Мынадай техникалық сипаттамалармен: Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы — 25–300 мм, Qri (отынның ең төмен жану жылуы) — 5 000 ккал/кг, Sdt (күкірт) — 0,50%, Ad (күлділігі) — 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) — 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығуы) — 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот мөлшері — 350 тонна, төлем шарттары — тиеу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) күн бұрын 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі — Т+3 ай (мұндағы Т — мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары — EXW, жеткізу базисі — Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, логистикаға байланысты шығыстарды қоса алғанда, барлық өзге шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағаға қосымша төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» — «Нарық және қорытындылар» — «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 8 895,16 теңгені (Сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 8 984,11 теңгені (Сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері — 3 лоттан (1 050 тонна) аспайды.
Өндірістік жоспарды ұзақ келісуге байланысты жеткізудің басталу айы ретінде 2026 жылғы желтоқсан белгіленеді.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
25.11.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
13.11.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
03.11.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-