Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы қараша айындағы жеткізу жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірдің қосымша көлемін өткізу жөніндегі қосымша сауда сессиясын өткізу туралы

«Каспий» тауар биржасы» АҚ-ның Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 20 қарашадағы № 01-6.2/1950 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың барлығына 2026 жылғы қараша айындағы жеткізу жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірдің сатылмаған көлемдеріне қатысты қосымша сауда сессиясы өткізілетіні туралы хабарлайды.


Сауда сессиясы бір күн — 2026 жылғы 3 желтоқсанда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі. Сауда мынадай сауда құралы бойынша өткізіледі:


CL2EXQKG — Қазақстан Республикасы (29 лот),


Базалық баға — 8 571,31 теңге (Сегіз мың бес жүз жетпіс бір теңге 31 тиын), өтінімнің ең жоғары бағасы 8 657,02 теңгені (Сегіз мың алты жүз елу жеті теңге 02 тиын) құрайды,


Мынадай техникалық сипаттамалармен: Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы — 0–300 мм, Qri (отынның ең төмен жану жылуы) — 4 900 ккал/кг, Ad (күлділігі) — 15,9%, СТ ТОО 1816-2014.


Лот мөлшері — 350 тонна, төлем шарттары — 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі — Т+3 ай (мұндағы Т — мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары — EXW, жеткізу базисі — Қаражыра көмір разрезі.


Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, логистикаға байланысты шығыстарды қоса алғанда, барлық өзге шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағаға қосымша төленеді.


Көмірдің көрсетілген көлемдері қосымша болып табылатынын және коммуналдық-тұрмыстық көмірді сатып алушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында бекітілген кестеден тыс негізгі сауда сессиясына шығарылғанын ескере отырып, нақты жеткізу айы 2026 жылғы желтоқсан болып белгіленсін.


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» — «Нарық және қорытындылар» — «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері — 3 лоттан аспайды.


Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, атап айтқанда, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік операторлары тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий