«Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы желтоқсан айындағы жеткізу жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірдің қосымша көлеміне қосымша сауда сессиясын өткізу туралы

«Каспий» тауар биржасы» АҚ Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 26 қарашадағы № 01-6.2/2011 шығыс хатына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың барлығына 2026 жылғы желтоқсан айындағы жеткізу жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірдің сатылмаған көлеміне қосымша сауда сессиясы өткізілетіні туралы хабарлайды.

Сауда сессиясы 2026 жылғы 7 желтоқсанда бір күн бойы Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Сауда-саттық келесі сауда құралы бойынша жүргізіледі:


CL2EXQKG — Қазақстан Республикасы (28 лот),


Базалық баға — 8 571,31 теңге (Сегіз мың бес жүз жетпіс бір теңге 31 тиын), өтінімнің ең жоғары бағасы 8 657,02 теңгені (Сегіз мың алты жүз елу жеті теңге 02 тиын) құрайды.


Техникалық сипаттамалары: Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы — 0–300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) — 4 900 ккал/кг, Ad (күлділігі) — 15,9%, СТ ТОО 1816-2014.


Лот мөлшері — 350 тонна, төлем шарттары — 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі — Т+3 ай (мұндағы Т — мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары — EXW, жеткізу базисі — Қаражыра көмір разрезі.


Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады. Логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығындар тауар биржасында жасалған мәміле бағасынан тыс төленеді.


Өндірістік жоспарды келісудің ұзаққа созылуына байланысты жеткізілімнің басталу айы ретінде 2026 жылғы желтоқсан айы қабылданады.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің бағдарлы жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» — «Нарық және қорытындылар» — «Жеткізу жоспары» бөлімінен танысуға болады.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері — 3 лоттан аспайды.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий