2026 жылғы қыркүйек айына жеткізу жоспары бойынша «Майкөбен-Вест» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша сауда-саттық сессиясын өткізу туралы.
-
01.10.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
«Каспий» тауар биржасы» АҚ Сауда-саттық бөлімі «Майкөбен-Вест» АҚ хатының (шығыс № 754, 2026 жылғы 30 қыркүйек) негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауының 242-тармағына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың назарына 2026 жылғы қыркүйек айына жеткізу жоспарында көзделген көмірдің іске асырылмаған көлемдері бойынша қосымша сауда-саттық сессиясын өткізу туралы ақпаратты жеткізеді.
Биржалық сауда қағидаларының 242-тармағына сәйкес: «Егер осы Қағидалардың 241-тармағында көзделген кезең аяқталғаннан кейін көмір тиісті өңірге өткізу үшін шығарылған, бірақ өткізілмеген болса, мұндай көлем қосымша сауда-саттық сессиясында шығарылады. Бұл ретте жеткізу өңірі ретінде Қазақстан Республикасы айқындалады».
Қосымша сауда-саттық сессиясы 2026 жылғы 9 қазанда Астана қаласының уақытымен сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда-саттық мынадай сауда құралдары бойынша өткізіледі:
CL17FCQMB – Қазақстан Республикасы (85 лот)
Базалық бағасы 8 632,00 (Сегіз мың алты жүз отыз екі) теңге 00 тиын.
Өтінімнің максималды бағасы 8 718,32 (Сегіз мың жеті жүз он сегіз) теңгені 32 тиын құрайды.
Мынадай техникалық сипаттамаларымен – Б3 маркалы көмір 0-300 мм, Q1 (отынның жұмыс күйіндегі төменгі жану жылуы), 3700 – 5000 ккал/кг-нан төмен емес, Sd (күкірттің жалпы массалық үлесі күйі), 0,40 - 1,40%, Аd (құрғақ күйдегі күлділігі), 28%-дан аспайды, W1 (жұмыс күйіндегі жалпы ылғалдың массалық үлесі) 22,0 – 18,0, Vda (құрғақ күлсіз күйдегі ұшпа заттардың шығымы), 40 – 48% Көлемі 300 мм-ден аспайтын кесектердің массалық үлесі. СТ. РК 1689-1-2012, лот мөлшері 350 тонна, төлем шарттары – мәміле сомасының 100% мөлшерінде Сатушының банктік шотына шартқа қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде, жеткізу мерзімі – Т+3 (сауда-саттық кестесі ауытқыған жағдайда, хабарландырудағы жеткізу айы) (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары FCA, жеткізу базисі – Павлодар облысы, Үшқұйын станциясы (695203) (MB). Баға Үшқұйын станциясында (695203) (MB), Павлодар облысында қалыптастырылады, барлық өзге де шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағаның үстінен төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінен танысуға болады.
Өтінімнің максималды мөлшері 3 лоттан (1050) тоннадан аспайды.
Өндірістік жоспарды ұзақ келісуге байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы қазан айы қабылданады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
28.09.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
14.09.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
11.09.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-