2026 жылғы желтоқсан айына жеткізу жоспары бойынша «Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша сауда-саттық сессиясын өткізу туралы.
-
28.09.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
«Каспий» тауар биржасы» АҚ Сауда-саттық бөлімі «Қаражыра» АҚ хатының (шығыс № 01-6.2/1606, 2026 жылғы 22 қыркүйек) негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауының 242-тармағына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың назарына 2026 жылғы желтоқсан айына жеткізу жоспарында көзделген көмірдің іске асырылмаған көлемдері бойынша қосымша сауда-саттық сессиясын өткізу туралы ақпаратты жеткізеді.
Биржалық сауда қағидаларының 242-тармағына сәйкес: «Егер осы Қағидалардың 241-тармағында көзделген кезең аяқталғаннан кейін көмір тиісті өңірге өткізу үшін шығарылған, бірақ өткізілмеген болса, мұндай көлем қосымша сауда-саттық сессиясында шығарылады. Бұл ретте жеткізу өңірі ретінде Қазақстан Республикасы айқындалады».
Қосымша сауда-саттық сессиясы 2026 жылғы 6 қазанда Астана қаласының уақытымен сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда-саттық мынадай сауда құралдары бойынша өткізіледі:
CL4EXQKG – Қазақстан Республикасы (5 лот)
Базалық бағасы 8 895,16 (Сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес) теңге 16 тиын.
Өтінімнің максималды бағасы 8 984,11 (Сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт) теңгені 11 тиын құрайды.
Мынадай техникалық сипаттамаларымен – Д маркалы, коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50 %, Аd (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылық) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) 47,0 %, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот мөлшері 350 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, барлық өзге де шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағаның үстінен төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінен танысуға болады.
CL20EXQKG – Қазақстан Республикасы (2 лот)
Базалық бағасы 8 895,16 (Сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес) теңге 16 тиын.
Өтінімнің максималды бағасы 8 984,11 (Сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт) теңгені 11 тиын құрайды.
Мынадай техникалық сипаттамаларымен – Д маркалы, коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25-50 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50 %, Аd (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылық) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) 47,0 %, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот мөлшері 350 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, барлық өзге де шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағаның үстінен төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінен танысуға болады.
Өндірістік жоспарды ұзақ келісуге байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы желтоқсан айы қабылданады.
2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінен танысуға болады.
Өтінімнің максималды мөлшері 3 лоттан аспайды.
Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеп жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, атап айтқанда, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
14.09.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
11.09.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
10.09.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-