2026 жылғы желтоқсанда жеткізілетін «Шұбаркөл Көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің күшін жойған биржалық мәмілелері бойынша көлемдерді сауда-саттыққа қайта шығару туралы

«Каспий» тауар биржасы» АҚ Сауда-саттық бөлімі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 9-тарауының 82-тармағына сәйкес, сауда-саттыққа қатысушылардың назарына 2026 жылғы 11 қыркүйекте сағат 11:00-ден 12:00-ге дейінгі сауда-саттық сессиясы барысында жасалған және кейіннен тауар биржасы күшін жойған № CCX-CL8-4201 биржалық мәміле бойынша көлемдердің сауда-саттыққа қайта шығарылатыны туралы ақпаратты жеткізеді.


«Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 01.6-2725 шығыс хатына сәйкес, аталған көлемдер 2026 жылғы 28 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өткізілетін қосымша сауда-саттық сессиясы шеңберінде сауда-саттыққа қайта шығарылады.


Сауда құралы — CL8FCPKS; жеткізу өңірі — Қостанай облысы; көлемі — 670 тонна (2 лот); базалық бағасы — 1 тонна үшін ҚҚС-ты қоса алғанда 9 773,89 теңге.


Көрсетілген биржалық мәміленің күшін жою туралы ақпаратпен 2026 жылғы 11 қыркүйекте жарияланған «2026 жылғы желтоқсанда жеткізілетін «Шұбаркөл Көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің биржалық мәмілелерін күшін жою және көлемдерін сауда-саттыққа қайта шығару туралы» хабарландырудан танысуға болады.


Сауда-саттыққа қатысушылардан көрсетілген ақпаратты назарға алуды сұраймыз.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий