2026 жылғы желтоқсан айына жеткізілетін «Шұбаркөл көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша қосымша сауда сессиясын өткізу туралы
-
04.09.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда бөлімі «Шұбаркөл көмір» АҚ-нан келіп түскен 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 01.6-2633 шығыс хатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес барлық коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың назарына 2026 жылғы желтоқсан айына жеткізу жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өткізілмеген көлемдері бойынша қосымша сауда сессиясын өткізу туралы ақпаратты жеткізеді. Сауда сессиясы 2026 жылғы 14 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда-саттық келесі сауда құралы бойынша жүргізіледі:
CL6FCQKS – Қазақстан Республикасы (35 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен:
Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, қатардағы көмір (0–300 мм), ҚР СТ 1526-1-2022, лот мөлшері – 345 тонна, төлем шарттары – тиеу айының басталуына дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем жасау, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS). 2026 жылға коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімдерінен танысуға болады.
Осы сауда құралы бойынша қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 8 908,8 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы тоннасына 8 997,89 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1 035 тоннадан) аспайды.
CL8FCQKS – Қазақстан Республикасы (12 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен:
Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, сұрыпталған көмір (50–300 мм), ҚР СТ 1526-1-2022. Лот мөлшері – 335 тонна. Төлем шарттары – тиеу айының басталуына дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем жасау, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%. Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн). Жеткізу шарттары – FCA. Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).
Осы сауда құралы бойынша қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 9 392,52 теңгені (тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы – тоннасына 9 486,45 теңге (тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын).
Өтінімнің ең жоғары мөлшері – 3 лоттан (1 005 тоннадан) аспайды.
Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеп жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, атап айтқанда коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.
2026 жылға коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімдерінен танысуға болады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
03.09.2026
- Новости биржи
- Мұнай өнімдері
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
03.09.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
27.08.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-