2026 жылғы желтоқсан айына жеткізілетін «Шұбаркөл Көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша көлемі бойынша сауда сессиясын өткізу туралы

Осы арқылы «Тауар биржасы «Каспий» АҚ Сауда бөлімі «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 25 тамыздағы № 01.6-2506 шығыс хатының негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша барлық сауда-саттық қатысушыларына 2026 жылғы желтоқсан айына жеткізу жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірдің қосымша көлемі бойынша сауда сессияларының басталатынын хабарлайды.


Сауда сессиялары 2026 жылғы 7 қыркүйектен 11 қыркүйекке дейін бес сауда күні бойы Астана уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Сауда-саттық келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL8FCDKS – Ақтөбе облысы (5 лот)


CL8FCBKS – Алматы облысы (10 лот)


CL8FCJKS – Жетісу облысы (10 лот)


CL8FCMKS – Қарағанды облысы (10 лот)


CL8FCNKS – Қызылорда облысы (10 лот)


CL8FCPKS – Қостанай облысы (10 лот)


CL8FCSKS – Павлодар облысы (10 лот)


CL8FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (10 лот)


CL8FCXKS – Түркістан облысы (10 лот)


CL8FCIKS – Ұлытау облысы (5 лот)


CL8FCAKS – Алматы қаласы (10 лот)


CL8FCZKS – Астана қаласы (10 лот)


CL8FCYKS – Шымкент қаласы (10 лот)


Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, сұрыпталған (50–300 мм), халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен көмір, ҚР СТ 1526-1-2022, лот мөлшері – 335 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту айының басталуына дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1% алдын ала қамтамасыз ету, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS). 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 9 392,52 теңгені (тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы 9 486,45 теңгені (тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1 005 тонна) аспайды.


Өндірістік жоспарды ұзақ уақыт келісуге байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы желтоқсан айы қабылданады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий