2026 жылғы қараша айына жеткізу жоспары бойынша «Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша сауда сессиясын өткізу туралы
-
25.08.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Тауар биржасы «Каспий» АҚ Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 19 тамыздағы № 01-6.2/1374 шығыс хатының негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша барлық сауда-саттық қатысушыларына 2026 жылғы қараша айына жеткізу жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірдің іске асырылмаған көлемдері бойынша қосымша сауда сессиясының өткізілетінін хабарлайды.
Сауда сессиясы 2026 жылғы 2 қыркүйекте бір күн бойы Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі. Сауда-саттық келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:
CL4EXQKG – Қазақстан Республикасы (14 лот).
Базалық баға 8 895,16 теңгені (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 984,11 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын) құрайды.
Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілігі – 25-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5 000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) – 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот мөлшері – 350 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, барлық өзге шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар, тауар биржасында жасалған мәміле бағасынан тыс төленеді.
2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
CL20EXQKG – Қазақстан Республикасы (4 лот).
Базалық баға 8 895,16 теңгені (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 984,11 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын) құрайды.
Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілігі – 25-50 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5 000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) – 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот мөлшері – 350 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, барлық өзге шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар, тауар биржасында жасалған мәміле бағасынан тыс төленеді.
Өндірістік жоспарды ұзақ уақыт келісуге байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы қараша айы қабылданады.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан аспайды.
Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеп жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына, атап айтқанда, Коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
25.08.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
18.08.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
18.08.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-