2026 жылғы желтоқсан айына жеткізілетін «Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы

Осы арқылы «Тауар биржасы «Каспий» АҚ Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 19 тамыздағы № 01-6.2/1373 шығыс хатының негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша барлық сауда-саттық қатысушыларына 2026 жылғы желтоқсан айына жеткізілетін көмір бойынша сауда сессияларының басталатынын хабарлайды.


Сауда сессиялары 2026 жылғы 2 қыркүйектен 8 қыркүйекке дейін бес сауда күні бойы Астана уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.


Сауда-саттық келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL2EXGKG – Абай облысы (29 лот),


CL2EXFKG – Шығыс Қазақстан облысы (26 лот),


Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілігі – 0-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 4 900 ккал/кг, Ad (күлділігі) – 15,9%, СТ ТОО 1816-2014, лот мөлшері – 350 тонна, төлем шарттары – 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, барлық өзге шығыстар, оның ішінде көмір разрезінен кейінгі логистикаға байланысты шығыстар, тауар биржасында жасалған мәміле бағасынан тыс төленеді.


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 8 571,31 теңгені (сегіз мың бес жүз жетпіс бір теңге 31 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 657,02 теңгені (сегіз мың алты жүз елу жеті теңге 02 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1 050 тонна) аспайды.


CL4EXCKG – Ақмола облысы (7 лот),


CL4EXZKG – Астана қаласы (4 лот),


CL4EXPKG – Қостанай облысы (3 лот),


CL4EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (5 лот),


CL4EXSKG – Павлодар облысы (3 лот),


CL4EXBKG – Алматы облысы (11 лот),


CL4EXAKG – Алматы қаласы (3 лот),


CL4EXHKG – Жамбыл облысы (7 лот),


CL4EXJKG – Жетісу облысы (13 лот),


Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілігі – 25-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5 000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) – 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот мөлшері – 350 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, барлық өзге шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар, тауар биржасында жасалған мәміле бағасынан тыс төленеді.


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға 8 895,16 теңгені (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 984,11 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1 050 тонна) аспайды.


CL20EXCKG – Ақмола облысы (2 лот),


CL20EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (2 лот),


CL20EXHKG – Жамбыл облысы (2 лот),


CL20EXJKG – Жетісу облысы (1 лот).


Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілігі – 25-50 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5 000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) – 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот мөлшері – 350 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, барлық өзге шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар, тауар биржасында жасалған мәміле бағасынан тыс төленеді.


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға 8 895,16 теңгені (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 984,11 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1 050 тонна) аспайды.


Өндірістік жоспарды ұзақ уақыт келісуге байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы желтоқсан айы қабылданады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий