2026 жылғы желтоқсан айына жеткізілетін «Шұбаркөл Көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы
-
18.08.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Тауар биржасы «Каспий» АҚ Сауда бөлімі «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 18 тамыздағы № 01.6-2436 шығыс хатының негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша барлық сауда-саттық қатысушыларына 2026 жылғы желтоқсан айына жеткізілетін көмір бойынша сауда сессияларының басталатынын хабарлайды.
Сауда сессиялары 2026 жылғы 31 тамыздан 4 қыркүйекке дейін бес сауда күні бойы Астана уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда-саттық келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:
CL6FCBKS – Алматы облысы (15 лот)
CL6FCHKS – Жамбыл облысы (5 лот)
CL6FCMKS – Қарағанды облысы (55 лот)
CL6FCPKS – Қостанай облысы (5 лот)
CL6FCSKS – Павлодар облысы (5 лот)
CL6FCXKS – Түркістан облысы (10 лот)
CL6FCIKS – Ұлытау облысы (5 лот)
CL6FCAKS – Алматы қаласы (10 лот)
CL6FCZKS – Астана қаласы (10 лот)
CL6FCYKS – Шымкент қаласы (10 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен – Сұрыпталмаған көмір (0-300 мм), Д маркалы, ДВ топшасы, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022, лот мөлшері – 345 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS).
2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 8 908,80 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 997,89 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1 035 тонна) аспайды.
CL8FCDKS – Ақтөбе облысы (5 лот)
CL8FCCKS – Ақмола облысы (5 лот)
CL8FCBKS – Алматы облысы (10 лот)
CL8FCJKS – Жетісу облысы (5 лот)
CL8FCMKS – Қарағанды облысы (55 лот)
CL8FCNKS – Қызылорда облысы (5 лот)
CL8FCPKS – Қостанай облысы (10 лот)
CL8FCSKS – Павлодар облысы (5 лот)
CL8FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (5 лот)
CL8FCXKS – Түркістан облысы (10 лот)
CL8FCIKS – Ұлытау облысы (5 лот)
CL8FCAKS – Алматы қаласы (10 лот)
CL8FCZKS – Астана қаласы (10 лот)
CL8FCYKS – Шымкент қаласы (10 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен – Сұрыпталған көмір (50-300 мм), Д маркалы, ДВ топшасы, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022, лот мөлшері – 335 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS).
2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 9 392,52 теңгені (тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы 9 486,45 теңгені (тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1 005 тонна) аспайды.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
18.08.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
14.08.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
10.08.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-