2026 жылғы қараша айына жеткізілетін «Шұбаркөл Көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша көлемі бойынша сауда-саттық сессиясын өткізу туралы

Осы арқылы «Тауар биржасы «Каспий» АҚ Сауда бөлімі «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 18 тамыздағы № 01.6-2438 шығыс хатына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірдің барлық сауда-саттық қатысушыларына 2026 жылғы қараша айына жеткізу жоспары бойынша қосымша көлем бойынша сауда сессияларының басталатынын хабарлайды.


Сауда сессиялары 2026 жылғы 26 тамыздан 1 қыркүйекке дейін бес сауда күні бойы Астана уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.


Сауда-саттық келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL8FCSKS – Павлодар облысы (30 лот)

CL8FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (30 лот)


Келесі техникалық сипаттамалармен – Сұрыпталған көмір (50-300 мм), Д маркалы, ДВ топшасы, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022, лот мөлшері – 335 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS).


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда, тоннасына 9 392,52 теңгені (тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы 9 486,45 теңгені (тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан (1005 тонна) аспайды.


Өндірістік жоспарды ұзақ уақыт келісуге байланысты жеткізудің басталу айы ретінде 2026 жылғы қараша айы қабылданады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий