2026 жылғы қазан айына жеткізу жоспары бойынша «Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша сауда-саттық сессиясын ауыстыру туралы

Осы арқылы «Тауар биржасы «Каспий» АҚ Сауда-саттық бөлімі «Қаражыра» АҚ-ның 03.08.2026 жылғы шығыс № 01-6.2/1275 хатына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда-саттық қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір сауда-саттығына қатысушылардың барлығына 2026 жылғы қазан айына жеткізу жоспары бойынша сатылмаған коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемі бойынша қосымша сауда-саттық сессиясының ауыстырылғаны туралы хабарлайды.


Техникалық қателікке байланысты 2026 жылғы 14 тамызға жоспарланған сауда-саттық сессиясы ішінара өткізілмеді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде қосымша сауда-саттық сессиясы 2026 жылғы 24 тамызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.


Сауда-саттық келесі сауда-саттық құралы бойынша жүргізіледі:


CL20EXQKG - Қазақстан Республикасы (1 лот)


Базалық бағасы 8 895,16 (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес) теңге 16 тиын.

Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 984,11 (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт) теңгені 11 тиынды құрайды.

Келесі техникалық сипаттамаларымен - Д маркалы, коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25-50 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) - 5000 ккал\кг, Sdt (күкірт) - 0,50 %, Аd (күлділік) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылық) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) 47,0 %, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот мөлшері 350 тонна, төлем шарттары - тиеп жөнелту басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі - Т+3 ай (мұндағы Т - мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары EXW, жеткізу базисі - Қаражыра көмір разрезі.

Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, барлық өзге шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағаға қосымша төленеді.

Өндірістік жоспарды ұзақ келісуге байланысты жеткізу айы 2026 жылғы қазан айы болып белгіленеді.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» - «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінен танысуға болады.

Өтінімнің ең жоғары мөлшері 3 лоттан аспауы тиіс.

Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеп жөнелту Биржалық сауда-саттық қағидаларының 235-тармағына сәйкес, яғни коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий