2026 жылғы қараша айына жеткізілетін «Шұбаркөл Көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша қосымша сауда-саттық сессиясын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 07 тамыздағы № 01.6-2330 шығыс хатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына 2026 жылғы қараша айына жеткізу жоспары бойынша өткізілмеген коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдері бойынша қосымша сауда-саттық сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды. Сауда-саттық сессиясы 2026 жылғы 17 тамызда Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.


Сауда-саттық келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL6FCQKS – Қазақстан Республикасы (51 лот)


Келесі техникалық сипаттамалармен:


Тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған Д маркалы, ДВ кіші тобының қатарлы көмірі (0–300 мм), күлділігі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022. Лот мөлшері – 345 тонна. Төлем шарттары – тиеп-жөнелту айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем. Алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%. Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн). Жеткізу шарттары – FCA. Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Осы сауда құралы бойынша қосымша сауда-саттық сессиясындағы базалық баға ҚҚС-пен қоса 8 908,8 теңге (Сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын) бір тонна үшін.


Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 997,89 теңге (Сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын).


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1 035 тонна) аспайды.


CL8FCQKS – Қазақстан Республикасы (5 лот)


Келесі техникалық сипаттамалармен:


Тұрғындардың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған Д маркалы, ДВ кіші тобының сұрыпталған көмірі (50–300 мм), күлділігі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022. Лот мөлшері – 335 тонна. Төлем шарттары – тиеп-жөнелту айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем. Алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%. Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн). Жеткізу шарттары – FCA. Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).


Осы сауда құралы бойынша қосымша сауда-саттық сессиясындағы базалық баға ҚҚС-пен қоса 9 392,52 теңге (Тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) бір тонна үшін.


Өтінімнің ең жоғары бағасы – 9 486,45 теңге (Тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын).


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1 005 тонна) аспайды.


Қазақстан Республикасына коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізіп тиеп-жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, яғни коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне енгізілген көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий