2026 жылғы қазан айына жеткізу жоспары бойынша «Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша сауда-саттық сессиясын өткізу туралы
-
05.08.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Каспий» Тауар биржасы» АҚ Сауда департаменті «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 03 тамыздағы № 01-6.2/1275 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың назарына 2026 жылғы қазан айына жеткізу жоспары бойынша өткізілмей қалған коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдері бойынша қосымша сауда-саттық сессиясының өткізілетінін жеткізеді.
Сауда-саттық сессиясы 2026 жылғы 14 тамызда, Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда келесі сауда құралы бойынша өткізіледі:
CL4EXQKG – Қазақстан Республикасы (20 лот)
Базалық баға – 8 895,16 теңге (Сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын).
Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 984,11 теңге (Сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын).
Келесі техникалық сипаттамалармен – **Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–300 мм, Qri (жанудың төменгі жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт мөлшері) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшқыш заттардың шығымы) – 47,0%, ТОО СТ 151140021791-073-2022, лот мөлшері – 350 тонна, төлем шарттары – тиеу басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұнда Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарты – EXW, жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір кеніші. Баға «Қаражыра» көмір кенішінде қалыптастырылады. Логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығындар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
CL20EXQKG – Қазақстан Республикасы (1 лот)
Базалық баға – 8 895,16 теңге (Сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын).
Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 984,11 теңге (Сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын).
Келесі техникалық сипаттамалармен – **Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–50 мм, Qri (жанудың төменгі жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт мөлшері) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшқыш заттардың шығымы) – 47,0%, ТОО СТ 151140021791-073-2022, лот мөлшері – 350 тонна, төлем шарттары – тиеу басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұнда Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарты – EXW, жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір кеніші. Баға «Қаражыра» көмір кенішінде қалыптастырылады. Логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығындар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
Өндірістік жоспардың ұзақ уақыт келісілетініне байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы қазан айы қабылданады.
2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы **«Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан аспайды.
Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеп жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік операторларының тізбесіне енгізілген өңірлерге жүзеге асырылады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
05.08.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
31.07.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
31.07.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-