2026 жылғы тамыз–желтоқсан айларына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірдің қосымша көлемі бойынша «Қаражыра» АҚ сауда-саттық сессияларын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар биржасы» АҚ Сауда департаменті «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 27 шілдедегі № 01-6.2/1224 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың назарына 2026 жылдың II жартыжылдығына (5 ай) арналған, 2026 жылғы тамыз–желтоқсан айларына жеткізілетін қосымша көлем бойынша сауда-саттық сессияларының басталатынын жеткізеді.


Сауда-саттық сессиялары 2026 жылғы 10 тамыздан 14 тамызға дейінгі бес сауда күні ішінде, Астана қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін өткізіледі.


Сауда келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL21EXCKG – Ақмола облысы (2 лот)


CL21EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (2 лот)


CL21EXHKG – Жамбыл облысы (1 лот)


CL21EXJKG – Жетісу облысы (2 лот)


келесі техникалық сипаттамалармен – **Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–50 мм, Qri (жанудың төменгі жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт мөлшері) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшқыш заттардың шығымы) – 47,0%, ТОО СТ 151140021791-073-2022, лот мөлшері – 1 750 тонна, төлем шарттары – ай сайын 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – тиісті күнтізбелік жылдың тамыз–желтоқсан кезеңінде Т+1, жеткізу шарты – EXW, жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір кеніші. Баға «Қаражыра» көмір кенішінде қалыптастырылады. Логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығындар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Бірінші сауда-саттық сессиясындағы базалық баға ҚҚС-пен бірге тоннасына 8 344,82 теңге (Сегіз мың үш жүз қырық төрт теңге 82 тиын) болады.


Өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-пен бірге тоннасына 8 428,27 теңге (Сегіз мың төрт жүз жиырма сегіз теңге 27 тиын) болады.


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (5 250 тонна) аспайды.


Өндірістік жоспардың ұзақ уақыт келісілетініне байланысты жеткізу басталатын ай ретінде 2026 жылғы тамыз айы қабылданады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий