2026 жылғы қараша айына жеткізу жоспарымен «Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 27 шілдедегі № 01-6.2/1225 кіріс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың назарына 2026 жылғы қараша айына жеткізу жоспарымен сауда сессияларының басталатыны туралы хабарлайды.


Сауда сессиялары 2026 жылғы 7 тамыздан 13 тамызға дейін бес сауда күні ішінде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.


Сауда келесі сауда құралдары бойынша өтеді:


CL2EXGKG – Абай облысы (42 лот)


CL2EXFKG – Шығыс Қазақстан облысы (36 лот)


Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 0–300 мм, Qri (жанудың төменгі жылуы) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділігі) – 15,9%, ТОО СТ 1816-2014, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, көмір разрезінен кейінгі барлық өзге шығындар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға 8 571,31 теңгені (сегіз мың бес жүз жетпіс бір теңге 31 тиын) ҚҚС-пен бірге тоннасына құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 657,02 теңге (сегіз мың алты жүз елу жеті теңге 02 тиын).


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1050 тонна) аспайды.


Сауда келесі сауда құралдары бойынша өтеді:


CL4EXCKG – Ақмола облысы (11 лот),


CL4EXZKG – Астана қаласы (5 лот),


CL4EXPKG – Қостанай облысы (5 лот),


CL4EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (8 лот),


CL4EXSKG – Павлодар облысы (4 лот),


CL4EXBKG – Алматы облысы (20 лот),


CL4EXAKG – Алматы қаласы (6 лот),


CL4EXHKG – Жамбыл облысы (10 лот),


CL4EXJKG – Жетісу облысы (16 лот).


Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–300 мм, Qri (жанудың төменгі жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт мөлшері) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшқыш заттардың шығымы) – 47,0%, ТОО СТ 151140021791-073-2022, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту басталғанға дейін кемінде 2 (екі) күн бұрын 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығындар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға 8 895,16 теңгені (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 984,11 теңге (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын).


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1050 тонна) аспайды.


Сауда келесі сауда құралдары бойынша өтеді:


CL20EXCKG – Ақмола облысы (2 лот),


CL20EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (2 лот),


CL20EXHKG – Жамбыл облысы (2 лот),


CL20EXJKG – Жетісу облысы (1 лот).


Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–50 мм, Qri (жанудың төменгі жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт мөлшері) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшқыш заттардың шығымы) – 47,0%, ТОО СТ 151140021791-073-2022, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – тиеп жөнелту басталғанға дейін кемінде 2 (екі) күн бұрын 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығындар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға 8 895,16 теңгені (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 984,11 теңге (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын).


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1050 тонна) аспайды.


Өндірістік жоспардың ұзақ уақыт келісуіне байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы қараша айы қабылданады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий