Қолданыстағы тарифтерге өзгерістер енгізу туралы

«Каспий» Тауар Биржасы» АҚ 2026 жылғы 01 тамыздан бастап Биржа Президентінің 2026 жылғы 24 шілдедегі №130-П «2025 жылғы 27 маусымдағы №153 бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген тарифтерге енгізілген өзгерістердің күшіне енетінін хабарлайды.

Өзгерістер биржалық саудаға қатысушылардың Биржаның электрондық сауда жүйесіне (ЭСЖ) тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге, пайдаланушы қолжетімділіктерін (логиндерді) берудің бірыңғай тәртібін белгілеуге, жекелеген брокерлердің/дилерлердің пайдаланушы есептік жазбаларын негізсіз көптеп құруына жол бермеуге, сондай-ақ ЭСЖ пайдаланушыларын сүйемелдеуге, бақылауға және мониторинг жүргізуге байланысты шығындарды әділ бөлуге бағытталған.

2026 жылғы 01 тамыздан бастап келесі тарифтер қолданылады:

  1. Биржаның электрондық сауда жүйесіне қосылу:
  2. 30 АЕК – үшінші және төртінші логинді беру үшін;
  3. 60 АЕК – бесінші және әрбір келесі логинді беру үшін.
  4. Биржаның электрондық сауда жүйесіндегі қолжетімділіктерді пайдалану үшін абоненттік төлем:
  5. айына 100 000 теңге – үшінші және төртінші логиндердің әрқайсысы үшін;
  6. айына 500 000 теңге – бесінші және әрбір келесі логин үшін.

Логиндерді пайдаланғаны үшін төлем олар пайдаланылатын айдың 1-күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Биржа мүшелерінен аталған өзгерістерді электрондық сауда жүйесіндегі жұмыстарын жоспарлау кезінде ескерулерін сұраймыз.

Жаңартылған тарифтермен Биржаның ресми сайтындағы «Тарифтер» бөлімінде танысуға болады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий