2026 жылғы қараша айына жеткізу жоспары бойынша «Шұбаркөл Көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 24 шілдедегі № 01.6-2175 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығының назарына 2026 жылғы қараша айына жеткізу жоспарымен сауда сессияларының басталатыны туралы хабарлайды. Сауда сессиялары 2026 жылғы 03 тамыздан 07 тамызға дейін бес сауда күні бойы Астана қаласының уақыты бойынша 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Сауда келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL6FCBKS – Алматы облысы (15 лот)

CL6FCHKS – Жамбыл облысы (5 лот)

CL6FCMKS – Қарағанды облысы (55 лот)

CL6FCPKS – Қостанай облысы (5 лот)

CL6FCSKS – Павлодар облысы (5 лот)

CL6FCXKS – Түркістан облысы (10 лот)

CL6FCIKS – Ұлытау облысы (5 лот)

CL6FCAKS – Алматы қаласы (10 лот)

CL6FCZKS – Астана қаласы (10 лот)

CL6FCYKS – Шымкент қаласы (10 лот)


Келесі техникалық сипаттамалармен – ДВ кіші тобының Д маркалы сұрыпталмаған көмірі (0–300 мм), халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022, лот көлемі – 345 тонна, төлем шарттары – жөнелту айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS). 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-пен бірге тоннасына 8 908,80 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 997,89 теңге (сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын).


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1035 тонна) аспайды.


CL8FCDKS – Ақтөбе облысы (5 лот)

CL8FCCKS – Ақмола облысы (5 лот)

CL8FCBKS – Алматы облысы (10 лот)

CL8FCJKS – Жетісу облысы (5 лот)

CL8FCMKS – Қарағанды облысы (55 лот)

CL8FCNKS – Қызылорда облысы (5 лот)

CL8FCPKS – Қостанай облысы (10 лот)

CL8FCSKS – Павлодар облысы (5 лот)

CL8FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (5 лот)

CL8FCXKS – Түркістан облысы (10 лот)

CL8FCIKS – Ұлытау облысы (5 лот)

CL8FCAKS – Алматы қаласы (10 лот)

CL8FCZKS – Астана қаласы (10 лот)

CL8FCYKS – Шымкент қаласы (10 лот)


Келесі техникалық сипаттамалармен – ДВ кіші тобының Д маркалы сұрыпталған көмірі (50–300 мм), халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022, лот көлемі – 335 тонна, төлем шарттары – жөнелту айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – FCA, жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS). 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-пен бірге тоннасына 9 392,52 теңгені (тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) құрайды.


Өтінімнің ең жоғары бағасы – 9 486,45 теңге (тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын).


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1005 тонна) аспайды.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий