2026 жылғы қыркүйек айына жеткізу жоспары бойынша «Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша қосымша сауда сессиясын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 20 шілдедегі № 01-6.2/1168 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығының назарына 2026 жылғы қыркүйек айына жеткізу жоспары бойынша өткізілмей қалған коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдеріне қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды.


Сауда сессиясы 2026 жылғы 4 тамызда бір күн бойы Астана қаласының уақыты бойынша 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі. Сауда келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL4EXQKG – Қазақстан Республикасы (11 лот)


Базалық баға – 8 895,16 теңге (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын).


Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 984,11 теңге (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын).


Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–300 мм, Qri (төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50 %, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшқыш заттардың шығуы) – 47,0%, ҚР СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – тиеу басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір кеніші. Баға Қаражыра көмір кенішінде қалыптастырылады, логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


CL20EXQKG – Қазақстан Республикасы (1 лот)


Базалық баға – 8 895,16 теңге (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын).


Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 984,11 теңге (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын).


Келесі техникалық сипаттамалармен – Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–50 мм, Qri (төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50 %, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшқыш заттардың шығуы) – 47,0%, ҚР СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – тиеу басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір кеніші. Баға Қаражыра көмір кенішінде қалыптастырылады, логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Өндірістік жоспардың ұзақ уақыт келісілетініне байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы қыркүйек айы қабылданады.


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан аспайды.


Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, яғни коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий