«Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша 2026 жылғы қазан айына жеткізу жоспарымен сауда сессияларын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 07 шілдедегі № 01-6.2/1087 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығының назарына 2026 жылғы қазан айына жеткізу жоспарымен сауда сессияларының басталатыны туралы хабарлайды.

Сауда сессиялары бес сауда күні ішінде 2026 жылғы 16 шілдеден 22 шілдеге дейін, Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.

Сауда келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL2EXGKG – Абай облысы (51 лот);

CL2EXFKG – Шығыс Қазақстан облысы (57 лот).

Келесі техникалық сипаттамалармен - Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 0–300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділігі) – 15,9%, СТ ТОО 1816-2014. Лот көлемі – 350 тонна. Төлем шарттары – 100% алдын ала төлем. Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн). Жеткізу шарттары – EXW. Жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір разрезі.

Баға «Қаражыра» көмір разрезінде қалыптастырылады. Көмір разрезінен кейінгі барлық өзге шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар, тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда тоннасына 8 571,31 теңгені (сегіз мың бес жүз жетпіс бір теңге 31 тиын) құрайды.

Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 657,02 теңге (сегіз мың алты жүз елу жеті теңге 02 тиын).

Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1050 тоннадан) аспайды.


CL4EXCKG – Ақмола облысы (12 лот);

CL4EXZKG – Астана қаласы (6 лот);

CL4EXPKG – Қостанай облысы (5 лот);

CL4EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (9 лот);

CL4EXSKG – Павлодар облысы (5 лот);

CL4EXBKG – Алматы облысы (28 лот);

CL4EXAKG – Алматы қаласы (8 лот);

CL4EXHKG – Жамбыл облысы (8 лот);

CL4EXJKG – Жетісу облысы (17 лот);

CL4EXNKG – Қызылорда облысы (1 лот).

Келесі техникалық сипаттамалармен - Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) – 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022. Лот көлемі – 350 тонна. Төлем шарттары – тиеу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) күн бұрын 100% алдын ала төлем. Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн). Жеткізу шарттары – EXW. Жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір разрезі.

Баға «Қаражыра» көмір разрезінде қалыптастырылады. Барлық өзге шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар, тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда тоннасына 8 895,16 теңгені (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.

Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 984,11 теңге (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын).

Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1050 тоннадан) аспайды.


CL20EXCKG – Ақмола облысы (2 лот);

CL20EXZKG – Астана қаласы (1 лот);

CL20EXPKG – Қостанай облысы (2 лот);

CL20EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (2 лот);

CL20EXHKG – Жамбыл облысы (1 лот).

Келесі техникалық сипаттамалармен - Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–50 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) – 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022. Лот көлемі – 350 тонна. Төлем шарттары – тиеу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) күн бұрын 100% алдын ала төлем. Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн). Жеткізу шарттары – EXW. Жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір разрезі.

Баға «Қаражыра» көмір разрезінде қалыптастырылады. Барлық өзге шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар, тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға 8 895,16 теңгені (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.

Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 984,11 теңге (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын).

Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1050 тоннадан) аспайды.

Өндірістік жоспардың ұзақ уақыт келісілуіне байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы қазан айы қабылданады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий