2026 жылғы шілде айына жеткізу жоспары бойынша мұнай өнімдерімен сауда сессияларын өткізу кестесіне қатысты 2026 жылғы 26.06.2026 хабарландыруға толықтыру


Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті сауда-саттыққа қатысушылардың барлығының назарына төмендегі ақпаратты жеткізеді:

«Жол мұнай битумы» тауары (бұдан әрі – Тауар) бойынша сауда-саттық BT1EXQCB065 және BT6EXQCB сауда құралдары арқылы өткізуге жоспарланған.

BT6EXQCB сауда құралы бойынша Тауарды жеткізу шарты EXW болғандықтан, автомобиль көлігімен жеткізу 1 тонна көлеміндегі биг-бэг қаптамасында жүзеге асырылады. Бір лоттың көлемі – 20 тонна.

1 тонна көлеміндегі бір биг-бэг қаптамасының бағасын сатушы ҚҚС-ты ескере отырып белгілейді және ол базалық бағаға енгізілмейді.

Жоғарыда баяндалғандарға байланысты сатып алуға арналған өтінімдерді ресімдеу және жүйеге жолдау кезінде көрсетілген ақпаратты ескерулеріңізді ұсынамыз.

Осы хабарландыру қайталама еске салу болып табылады. Осыған ұқсас хабарландыру бұған дейін 2025 жылғы 17 шілдеде жарияланған болатын.



Дереккөз: Товарная биржа Каспий