«Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы тамыз айына жеткізу жоспары бойынша коммуналдық-тұрмыстық көмірге арналған қосымша сауда сессиясын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 02 шілдедегі № 01-6.2/1058 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығының назарына 2026 жылғы тамыз айына жеткізу жоспары бойынша өткізілмеген коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдеріне қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Сауда сессиясы 2026 жылғы 15 шілдеде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін бір күн ішінде өткізіледі.

Сауда келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL2EXQKG – Қазақстан Республикасы (36 лот)

Базалық баға – 8 571,31 теңге (сегіз мың бес жүз жетпіс бір теңге 31 тиын).

Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 657,02 теңге (сегіз мың алты жүз елу жеті теңге 02 тиын).

Техникалық сипаттамалары: Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 0–300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділігі) – 15,9%, СТ ТОО 1816-2014.

Лот көлемі – 350 тонна.

Төлем шарттары – 100% алдын ала төлем.

Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн).

Жеткізу шарттары – EXW.

Жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір разрезі.


CL4EXQKG – Қазақстан Республикасы (11 лот)

Базалық баға – 8 895,16 теңге (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын).

Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 984,11 теңге (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын).

Техникалық сипаттамалары: Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) – 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022.

Лот көлемі – 350 тонна.

Төлем шарттары – тиеу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) күн бұрын 100% алдын ала төлем.

Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн).

Жеткізу шарттары – EXW.

Жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір разрезі.


Баға «Қаражыра» көмір разрезінде қалыптастырылады. Барлық өзге шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар, тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді.

Өндірістік жоспардың ұзақ уақыт келісілетініне байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы тамыз айы қабылданады.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан аспайды.

Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеп-жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, атап айтқанда, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий