«Шұбаркөл Көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша қосымша сауда сессиясын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 03 шілдедегі № 01.6-1968 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығының назарына 2026 жылғы қыркүйек айына жеткізу жоспары бойынша өткізілмеген коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдеріне қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы ақпаратты жеткізеді. Сауда сессиясы 2026 жылғы 14 шілдеде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.

Сауда келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:

CL13FCQKS – Қазақстан Республикасы (4 лот)

Келесі техникалық сипаттамалармен:

Халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, ДВ кіші тобының Д маркалы қатардағы көмір (0–300 мм), ҚР СТ 1526-1-2022.

Лот көлемі – 276 тонна.

Төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%.

Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн).

Жеткізу шарттары – FCA.

Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).

Қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда тоннасына 8 908,80 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын) құрайды.

Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 997,89 теңге (сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын).

Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (828 тоннадан) аспайды.

Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеп-жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, атап айтқанда, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий