Өтінімдерді қабылдамау туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы № 155-IV «Тауар биржалары туралы» Заңының 19-бабының 1-2-тармақтарына, сондай-ақ «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ-да биржалық сауда-саттыққа қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді анықтау және қолданылатын жауапкершілік шаралары жөніндегі әдіснаманың (бұдан әрі – Әдіснама) 4.2-тармағына сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде өткен «Шұбаркөл Көмір» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда-саттықта берілген өтінімдердің қабылданбағаны туралы хабарлайды.

Келесі сауда құралдары бойынша өтінімдер қабылданбады:

CL13FCBKS – 1 лот (Алматы облысы)

CL13FCJKS – 1 лот (Жетісу облысы)

Аталған өтінімдер бойынша биржалық мәмілелер жасалған жоқ.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий