-
29.06.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті «Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 29 маусым № 01.6-1908 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығының назарына 2026 жылғы қыркүйек айына жеткізу жоспары бойынша өткізілмеген коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдеріне қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы ақпаратты жеткізеді. Сауда сессиясы 2026 жылғы 09 шілдеде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:
CL6FCQKS – Қазақстан Республикасы (2 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен:
Халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, ДВ кіші тобының Д маркалы қатардағы көмір (0–300 мм), ҚР СТ 1526-1-2022.
Лот көлемі – 345 тонна.
Төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%.
Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн).
Жеткізу шарттары – FCA.
Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).
Қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда тоннасына 8 908,80 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 997,89 теңге (сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын).
Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1035 тоннадан) аспайды.
CL8FCQKS – Қазақстан Республикасы (5 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен:
Халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, ДВ кіші тобының Д маркалы сұрыпталған көмір (50–300 мм), ҚР СТ 1526-1-2022.
Лот көлемі – 335 тонна.
Төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%.
Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн).
Жеткізу шарттары – FCA.
Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).
Осы сауда құралы бойынша қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда тоннасына 9 392,52 теңгені (тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы – 9 486,45 теңге (тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын).
Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1005 тоннадан) аспайды.
Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеп-жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, атап айтқанда, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.
2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
26.06.2026
- Новости биржи
- Мұнай өнімдері
Мұнай өнімдерімен сауда сессияларын өткізу кестесі, 2026 жылғы шілде айына жеткізу жоспары бойынша.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
26.06.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
25.06.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-