2026 жылғы қыркүйек айына жеткізумен «Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 24 маусымдағы № 01-6.2/1025 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың барлығына 2026 жылғы қыркүйек айына жеткізумен сауда сессияларының басталатыны туралы хабарлайды.

Сауда сессиялары 2026 жылғы 7 шілдеден 13 шілдеге дейін бес сауда күні бойы Астана қаласының уақыты бойынша 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.

Сауда келесі сауда құралдары бойынша жүргізіледі:


CL2EXGKG – Абай облысы (38 лот);

CL2EXFKG – Шығыс Қазақстан облысы (56 лот).

Келесі техникалық сипаттамалармен: Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 0–300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділігі) – 15,9%, СТ ТОО 1816-2014, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір разрезі.

Баға «Қаражыра» көмір разрезінде қалыптастырылады. Көмір разрезінен кейінгі барлық өзге шығындар, оның ішінде логистикаға байланысты шығындар, тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Алғашқы сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-пен бірге бір тонна үшін 8 571,31 теңгені (Сегіз мың бес жүз жетпіс бір теңге 31 тиын) құрайды.

Өтінімнің ең жоғарғы бағасы 8 657,02 теңгені (Сегіз мың алты жүз елу жеті теңге 02 тиын) құрайды.

Өтінімнің ең жоғарғы көлемі – 3 лоттан (1050 тоннадан) аспайды.


CL4EXCKG – Ақмола облысы (10 лот);

CL4EXZKG – Астана қаласы (5 лот);

CL4EXPKG – Қостанай облысы (4 лот);

CL4EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (7 лот);

CL4EXSKG – Павлодар облысы (4 лот);

CL4EXBKG – Алматы облысы (21 лот);

CL4EXAKG – Алматы қаласы (6 лот);

CL4EXHKG – Жамбыл облысы (9 лот);

CL4EXJKG – Жетісу облысы (15 лот).

Келесі техникалық сипаттамалармен: Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт мөлшері) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшқыш заттардың шығымы) – 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – тиеу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) күн бұрын 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір разрезі.

Баға «Қаражыра» көмір разрезінде қалыптастырылады. Логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығындар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Алғашқы сауда сессиясындағы базалық баға 8 895,16 теңгені (Сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.

Өтінімнің ең жоғарғы бағасы 8 984,11 теңгені (Сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын) құрайды.

Өтінімнің ең жоғарғы көлемі – 3 лоттан (1050 тоннадан) аспайды.


CL20EXCKG – Ақмола облысы (2 лот);

CL20EXZKG – Астана қаласы (1 лот);

CL20EXPKG – Қостанай облысы (1 лот);

CL20EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (2 лот).

Келесі техникалық сипаттамалармен: Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы – 25–50 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт мөлшері) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшқыш заттардың шығымы) – 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – тиеу басталғанға дейін кемінде 2 (екі) күн бұрын 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір разрезі.

Баға «Қаражыра» көмір разрезінде қалыптастырылады. Логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығындар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Алғашқы сауда сессиясындағы базалық баға 8 895,16 теңгені (Сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес теңге 16 тиын) құрайды.

Өтінімнің ең жоғарғы бағасы 8 984,11 теңгені (Сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт теңге 11 тиын) құрайды.

Өтінімнің ең жоғарғы көлемі – 3 лоттан (1050 тоннадан) аспайды.

Өндірістік жоспардың ұзақ уақыт келісілетініне байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы қыркүйек айы қабылданады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий