«Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы шілде–желтоқсан айларына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша сауда сессияларын өткізу туралы.

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 08 шілдедегі № 01-6.2/889 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына 2026 жылдың II жартыжылдығына (6 ай) жеткізумен, 2026 жылғы шілде–желтоқсан айларына арналған жеткізу жоспары бойынша сауда сессияларының басталатынын хабарлайды.


Сауда сессиялары 2026 жылғы 22 маусымнан 26 маусымға дейінгі бес сауда күні ішінде Астана қаласының уақыты бойынша сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі.


Сауда келесі сауда құралдары бойынша жүргізіледі:


CL18EXGKG – Абай облысы (16 800 тонна),


келесі техникалық сипаттамалармен - Д маркалы көмір, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы, ірілік класы – 0-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) - 4900 ккал/кг, Ad (күлділігі) – 15,9%, СТ РК 1816-2014, лот көлемі 2 100 тонна, төлем шарттары - ай сайын 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі - Т+1 тиісті күнтізбелік жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында жүзеге асырылады, жеткізу шарттары EXW, жеткізу базисі - Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, барлық өзге шығындар, оның ішінде логистикаға байланысты шығындар да тауар биржасында мәміле жасалған бағаға қосымша төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» - «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Баға «Қаражыра» көмір разрезінде қалыптастырылады, ал логистикаға байланысты шығыстарды қоса алғанда барлық өзге шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді.


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-пен бірге тоннасына 8 297,00 (сегіз мың екі жүз тоқсан жеті) теңге 00 тиын болады.


Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 379,97 (сегіз мың үш жүз жетпіс тоғыз) теңге 97 тиын болады.


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (6 300 тоннадан) аспайды.


CL19EXJKG – Жетісу облысы (16 800 тонна),


CL19EXHKG – Жамбыл облысы (4 200 тонна),


келесі техникалық сипаттамалармен - Д маркалы көмір, коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы, ірілік класы – 25-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) - 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт мөлшері) - 0,50 %, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылығы) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттардың шығымы) – 47,0 %, СТ ТОО 151140021791-12-073-2022, лот көлемі 2 100 тонна, төлем шарттары - ай сайын 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі - Т+1 тиісті күнтізбелік жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында, жүзеге асырылады, жеткізу шарттары EXW, жеткізу базисі - Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады, барлық өзге шығындар, оның ішінде логистикаға байланысты шығындар да тауар биржасында мәміле жасалған бағаға қосымша төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» - «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Баға «Қаражыра» көмір разрезінде қалыптастырылады, ал логистикаға байланысты шығыстарды қоса алғанда барлық өзге шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді.


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-пен бірге тоннасына 8 344,82 (сегіз мың үш жүз қырық төрт) теңге 82 тиын болады.


Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 428,27 (сегіз мың төрт жүз жиырма сегіз) теңге 27 тиын болады.


Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (6 300 тоннадан) аспайды.


Өндірістік жоспардың ұзақ уақыт келісілгеніне байланысты жеткізудің басталу айы ретінде 2026 жылғы шілде айы қабылданады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий