«Шұбаркөл көмір» АҚ-ның 2026 жылғы қыркүйек айына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті «Шұбаркөл көмір» АҚ-ның 2026 жылғы 08 маусымдағы № 01.6-1688 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына 2026 жылғы қыркүйек айына жеткізумен өткізілетін сауда сессияларының басталатынын хабарлайды.

Сауда сессиялары бес сауда күні ішінде, 2026 жылғы 22 маусымнан 26 маусымға дейін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.

Сауда келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:




CL6FCMKS – Қарағанды облысы (10 лот)


CL6FCXKS – Түркістан облысы (10 лот)


CL6FCYKS – Шымкент қаласы (10 лот)




Келесі техникалық сипаттамалармен:

Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022 стандартына сәйкес келетін қатардағы көмір (0–300 мм).

Лот көлемі – 345 тонна.

Төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем.

Алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%.

Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұнда Т – мәміле жасалған күн).

Жеткізу шарты – FCA.

Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS).

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспары ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде орналастырылған.



Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда бір тонна үшін 8 908,80 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын) құрайды.



Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 997,89 теңге (сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын).



Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1035 тоннадан) аспайды.




CL8FCDKS – Ақтөбе облысы (5 лот)


CL8FCCKS – Ақмола облысы (5 лот)


CL8FCBKS – Алматы облысы (5 лот)


CL8FCHKS – Жамбыл облысы (5 лот)


CL8FCJKS – Жетісу облысы (5 лот)


CL8FCMKS – Қарағанды облысы (5 лот)


CL8FCNKS – Қызылорда облысы (5 лот)


CL8FCPKS – Қостанай облысы (5 лот)


CL8FCSKS – Павлодар облысы (5 лот)


CL8FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (5 лот)


CL8FCXKS – Түркістан облысы (5 лот)


CL8FCIKS – Ұлытау облысы (5 лот)


CL8FCAKS – Алматы қаласы (5 лот)


CL8FCZKS – Астана қаласы (5 лот)


CL8FCYKS – Шымкент қаласы (5 лот)




Келесі техникалық сипаттамалармен:

Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, күлділігі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022 стандартына сәйкес келетін сұрыпталған көмір (50–300 мм).

Лот көлемі – 335 тонна.

Төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем.

Алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%.

Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұнда Т – мәміле жасалған күн).

Жеткізу шарты – FCA.

Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы/Шұбаркөл станциясы (KS).

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.



Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда бір тонна үшін 9 392,52 теңгені (тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) құрайды.



Өтінімнің ең жоғары бағасы – 9 486,45 теңге (тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын).



Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1005 тоннадан) аспайды.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий