«Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша қосымша сауда сессиясын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-нан 2026 жылғы 25 мамырдағы №01-6.2/789 шығыс хатының келіп түсуіне және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы №280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың барлығына 2026 жылғы маусым айына жеткізу жоспары бойынша өткізілмеген коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдері бойынша қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Сауда сессиясы 2026 жылғы 4 маусым күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін бір күн өткізіледі. Сауда келесі сауда құралдары бойынша жүргізіледі:

CL2EXQKG – Қазақстан Республикасы (22 лот), базалық баға 8 571,31 теңге, өтінімнің ең жоғарғы бағасы 8 657,02 теңге, келесі техникалық сипаттамалармен:

Д маркалы көмір, коммуналдық-тұрмыстық, ірілік класы – 0-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділігі) – 15,9%, СТ ТОО 1816-2014, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір разрезі.

CL4EXQKG – Қазақстан Республикасы (10 лот), базалық баға 8 895,16 теңге, өтінімнің ең жоғарғы бағасы 8 984,11 теңге, келесі техникалық сипаттамалармен:

Д маркалы көмір, коммуналдық-тұрмыстық, ірілік класы – 25-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылық) – 14,0%, Vdaf (ұшқыш заттардың шығымы) – 47,0%, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – тиеуді бастағанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – «Қаражыра» көмір разрезі.

Баға «Қаражыра» көмір разрезінде қалыптастырылады, логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, барлық өзге шығындар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан бөлек төленеді.

Өндірістік жоспардың ұзақ келісуіне байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы маусым айы қабылданады.

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.

Өтінімнің ең жоғарғы көлемі – 3 лоттан аспайды.

Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеу Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, атап айтқанда коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий