-
12.05.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осымен "Каспий" Тауар Биржасы" АҚ сауда-саттық бөлімі "Шұбаркөл Көмір" АҚ-нан келіп түскен хаттың негізінде 2026 жылғы 06 мамырдағы шығ № 01.6-1325 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасының барлық қатысушыларының назарына коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өткізілмеген көлемі бойынша қосымша сауда сессиясын өткізу туралы ақпаратты жеткізеді. 2026 жылғы тамыз айына жеткізу бойынша саудада сессиясы 2026 жылғы 28 мамырда Астана қ.уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда саттық келесі сауда құралдары бойынша өтеді:
CL6FCQKS - Қазақстан Республикасы (14 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен:
Д маркалы қатардағы көмір (0-300 мм), ДВ кіші тобы, халықтың тұрмыстық қажеттіліктері үшін, күлі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022.
Лоттың көлемі - 207 тонна.
Төлем шарттары – жөнелту айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету-шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%.
Жеткізу мерзімі - Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн).
Жеткізу шарттары-FCA.
Жеткізу базисі-Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).
Қосымша сауда сессиясының базалық бағасы ҚҚС есебімен тоннасына 8 908,80 теңгені (сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы - 8 997,89 теңге (сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын).
Өтінімнің максималды мөлшері - 3 лоттан (621 тонна) аспайды.
CL8FCQKS - Қазақстан Республикасы (13 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен:
Д маркалы сұрыпталған көмір (50-300 мм), ДВ кіші тобы, халықтың тұрмыстық қажеттіліктері үшін, күлі төмен, ҚР СТ 1526-1-2022.
Лоттың көлемі-335 тонна.
Төлем шарттары – жөнелту айы басталғанға дейін 20 күнтізбелік күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету-шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 1%.
Жеткізу мерзімі- Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн).
Жеткізу шарттары-FCA.
Жеткізу базисі-Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).
Осы сауда құралы бойынша қосымша сауда сессиясының базалық бағасы ҚҚС есебімен тоннасына 9 392,52 теңгені (тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы - 9 486,45 теңге (тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын).
Өтінімнің ең жоғары мөлшері - 3 лоттан (1 005 тонна) аспайды.
Қазақстан Республикасына жеткізумен коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеп-жөнелту биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, атап айтқанда коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.
Коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің 2026 жылға арналған болжамды жоспарымен сайттан танысуға болады www.ccx.kz "көмір" бөлімінде - "нарық және нәтижелер" – "жеткізу жоспары".
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
12.05.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
06.05.2026
- Новости биржи
- Көмір
Өтінімдердің кері қайтарылуы туралы
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
29.04.2026
- Новости биржи
2026 жылғы мамыр айындағы демалыс және мереке күндері туралы
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-