2026 жылдың шілде айына жеткізумен "Қаражыра" АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің сауда сессияларын өткізу туралы.

Осымен "Қаражыра" АҚ-нан келіп түскен хаттың негізінде "Каспий" Тауар Биржасы" АҚ сауда-саттық бөлімі 2026 жылғы 05 мамырдағы шығ. № 01-6.2/697 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір сауда-саттығының барлық қатысушыларының назарына 2026 жылғы шілдеде жеткізумен сауда сессияларын өткізудің басталғаны туралы жеткізеді. Сауда сессиялары 2026 жылғы 20 мамырдан 26 мамырға дейін сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін Астана қ. уақытымен бес сауда күні ішінде өтеді.

Сауда саттық келесі сауда құралдары бойынша өтеді:


CL2EXGKG - Абай облысы (11 лот),

CL2EXFKG - ШҚО (37 лот),


Техникалық сипаттамалары мынадай: Д маркалы көмір, коммуналдық-тұрмыстық, ірілік класы-0-300 мм, Qri (отынның жану жылуы төмен) - 4900 ккал\кг, Аd (күл) - 15,9%, СТ ЖШС 1816-2014, лот мөлшері 350 тонна, Төлем шарттары-100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі - Т+3 ай (мұндағы Т - мәміле жасалған күн), EXW жеткізу шарттары, жеткізу базисі – Қаражыра көмір кеніші. Баға Қаражыра көмір бөлінісінде қалыптастырылады барлық басқа шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты, көмір бөлінісінен кейін тауар биржасында мәміле жасалған бағадан тыс төленеді. Коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің 2026 жылға арналған болжамды жоспарымен сайттан танысуға болады www.ccx.kz "көмір" бөлімі - "нарық және нәтижелер" – "жеткізу жоспары".

Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС есебімен тоннасына 8 571,31 (сегіз мың бес жүз жетпіс бір) теңге 31 тиынды құрайды.

Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 657,02 (сегіз мың алты жүз елу жеті) теңгені 02 тиынды құрайды.


Өтінімнің максималды мөлшері 3 лоттан (1050 тоннаҚ аспайды.


CL4EXGKG - Абай облысы (14 лот),

CL4EXFKG - ШҚО (14 лот)

CL4EXCKG - Ақмола облысы (8 лот),

CL4EXZKG - Астана қ. (4 лот),

CL4EXPKG - Қостанай облысы (3 лот),

CL4EXTKG - СҚО (5 лот),

CL4EXSKG- Павлодар облысы (2 лот),

CL4EXBKG - Алматы облысы (6 лот),

CL4EXAKG - Алматы қ. (2 лот),

CL4EXHKG - Жамбыл облысы (4 лот),

CL4EXJKG - Жетісу облысы (8 лот).


Келесі техникалық сипаттамалары бар-Д маркалы көмір, коммуналдық-тұрмыстық, ірілік класы - 25-300 мм, Qri (отынның жану жылуы төмен) - 5000 ккал\кг, Sdt (күкірт) - 0,50 %, Аd (күл) - 16%, Wrt(жалпы ылғал) - 14,0%, Vdaf (шығу 47,0%, СТ ЖШС 151140021791-073-2022, лот мөлшері 350 тонна, Төлем шарттары - жөнелту басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі - Т+3 ай (мұндағы Т - мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары EXW, жеткізу базисі - Қаражыра көмір кеніші. Баға Қаражыра көмір бөлінісінде қалыптастырылады, барлық басқа шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар тауар биржасында мәміле жасалған бағадан тыс төленеді. Коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің 2026 жылға арналған болжамды жоспарымен сайттан танысуға болады www.ccx.kz "көмір" бөлімі - "нарық және нәтижелер" – "жеткізу жоспары".

Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға 8 895,16 (сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес) теңгені 16 тиынды құрайды.

Өтінімнің ең жоғары бағасы 8 984,11 (сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт) теңгені 11 тиынды құрайды.


Өтінімнің максималды мөлшері 3 лоттан (1050 тонна) аспайды.


Өндірістік жоспардың ұзақ келісілуіне байланысты жеткізу айы 2026 жылдың маусым айында қабылданады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий