-
27.04.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда бөлімі «Шұбаркөл көмір» АҚ-нан 2026 жылғы 27 сәуірдегі №01-6-1171 кіріс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша саудаға қатысушылардың барлығына 2026 жылғы шілде айына арналған жеткізу жоспары бойынша өткізілмеген коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдері бойынша қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Сауда сессиясы 2026 жылғы 6 мамыр күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда келесі сауда құралдары бойынша жүргізіледі:
CL6FCQKS – Қазақстан Республикасы (13 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен:
Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, төмен күлді, қатарлы көмір (0–300 мм), СТ РК 1526-1-2022.
Лот көлемі – 207 тонна.
Төлем шарттары – тиеп-жөнелту айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 3%.
Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұнда Т – мәміле жасалған күн).
Жеткізу шарттары – FCA.
Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).
Қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-пен қоса алғанда тоннасына 8 908,80 теңгені (Сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 997,89 теңге (Сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын).
Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (621 тонна) аспайды.
CL8FCQKS – Қазақстан Республикасы (27 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен:
Д маркалы, ДВ кіші тобына жататын, халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған, төмен күлді, сұрыпталған көмір (50–300 мм), СТ РК 1526-1-2022.
Лот көлемі – 335 тонна.
Төлем шарттары – тиеп-жөнелту айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем, алдын ала қамтамасыз ету – шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 3%.
Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұнда Т – мәміле жасалған күн).
Жеткізу шарттары – FCA.
Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).
Осы сауда құралы бойынша қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-пен қоса алғанда тоннасына 9 392,52 теңгені (Тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын) құрайды.
Өтінімнің ең жоғары бағасы – 9 486,45 теңге (Тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын).
Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1 005 тонна) аспайды.
Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді тиеп-жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, яғни коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.
2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
28.04.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
27.04.2026
- Новости биржи
- Мұнай өнімдері
Мұнай өнімдерімен сауда сессияларын өткізу кестесі, 2026 жылдың мамыр айына жеткізу жоспары бойынша.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
27.04.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-