-
02.03.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ-ның сауда бөлімі «Шұбаркөл көмір» АҚ-нан 2026 жылғы 02 наурыздағы № 01-6-0664 шығыс хаттың негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмірмен саудаға қатысушылардың барлығына 2026 жылғы мамыр айына жеткізу жоспары бойынша өткізілмей қалған коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдері бойынша қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Сауда сессиясы 2026 жылғы 11 наурызда бір күн, Астана қаласының уақытымен сағат 10:00-ден 11:00-ге дейін өтеді.
Сауда келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:
CL6FCQKS – Қазақстан Республикасы (40 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен:
Қатарлы көмір (0–300 мм), D маркасы, DV кіші тобы, халықтың тұрмыстық қажеттіліктері үшін, төмен күлділік, СТ РК 1526-1-2022 стандартына сәйкес.
Лот көлемі – 345 тонна.
Төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100 % алдын ала төлем, шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 3 % мөлшерінде алдын ала қамтамасыз ету.
Жеткізу мерзімі – Т + 3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн).
Жеткізу шарттары – FCA.
Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).
Қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты ескере отырып, бір тонна үшін
8 908,8 теңге (сегіз мың тоғыз жүз сегіз теңге 80 тиын).
Өтінімнің ең жоғары бағасы –
8 997,89 теңге (сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті теңге 89 тиын).
Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1 035 тонна) аспайды.
CL8FCQKS – Қазақстан Республикасы (15 лот)
Келесі техникалық сипаттамалармен:
Сұрыпталған көмір (50–300 мм), D маркасы, DV кіші тобы, халықтың тұрмыстық қажеттіліктері үшін, төмен күлділік, СТ РК 1526-1-2022 стандартына сәйкес.
Лот көлемі – 335 тонна.
Төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100 % алдын ала төлем, шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 3 % мөлшерінде алдын ала қамтамасыз ету.
Жеткізу мерзімі – Т + 3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн).
Жеткізу шарттары – FCA.
Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).
Барлық сауда құралдары бойынша базалық баға ҚҚС-ты ескере отырып, бір тонна үшін
9 392,52 теңге (тоғыз мың үш жүз тоқсан екі теңге 52 тиын).
Өтінімнің ең жоғары бағасы –
9 486,45 теңге (тоғыз мың төрт жүз сексен алты теңге 45 тиын).
Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1 005 тонна) аспайды.
Жасалған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.
2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің болжамды жеткізу жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде танысуға болады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
03.03.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
02.03.2026
- Новости биржи
- Көмір
2026 жылғы 20 ақпандағы жаңалыққа толықтыру енгізу туралы
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
02.03.2026
- Новости биржи
Қазақстан Республикасында 2026 жылғы наурыз айындағы мереке және демалыс күндері туралы
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-