2026 жылғы сәуір айына жеткізілетін «Қаражыра» АҚ-ның коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы
-
20.02.2026
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-нан келіп түскен 2026 жылғы 20 ақпандағы № 01-6.2/250 шығыс хатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша барлық сауда қатысушыларының назарына 2026 жылғы сәуір айына жеткізілетін көмір бойынша сауда сессияларының басталатынын хабарлайды.
Сауда сессиялары 2026 жылғы 2 наурыздан 6 наурызға дейін қоса алғанда бес сауда күні бойы Астана қаласының уақытымен 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда келесі сауда құралдары бойынша жүргізіледі:
- CL2EXGKG – Абай облысы (3 лот),
- CL2EXFKG – Шығыс Қазақстан облысы (4 лот),
келесі техникалық сипаттамалармен: көмір маркасы – Д, коммуналдық-тұрмыстық, ірілік класы – 0–300 мм, Qri (жанудың төменгі жылу сыйымдылығы) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділігі) – 15,9 %, СТ ТОО 1816-2014, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – 100 % алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі.
Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптасады. Көмір разрезінен кейінгі барлық өзге шығыстар, оның ішінде логистикаға байланысты шығыстар, тауар биржасында жасалған мәміле бағасынан тыс қосымша төленеді.
2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспарын www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінен көруге болады.
Алғашқы сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты қоса алғанда бір тонна үшін 8 571,31 (Сегіз мың бес жүз жетпіс бір) теңге 31 тиын болады.
Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 657,02 (Сегіз мың алты жүз елу жеті) теңге 02 тиын.
Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1050 тоннадан) аспайды.
- CL4EXGKG – Абай облысы (29 лот),
- CL4EXCKG - Акмола облысы (4 лот),
- CL4EXZKG - Астана қ. (4 лот),
- CL4EXPKG – Костанай облысы (4 лот),
- CL4EXTKG - СҚО (4 лот),
- CL4EXSKG – Павлодар облысы (3 лот),
- CL4EXBKG - Алматы облысы (3 лот),
- CL4EXHKG - Жамбыл облысы (8 лот),
- CL4EXJKG -Жетысу облысы (8 лот),
келесі техникалық сипаттамалармен: көмір маркасы – Д, коммуналдық-тұрмыстық, ірілік класы – 25–300 мм, Qri – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50 %,
Ad (күлділігі) – 16 %, Wrt (жалпы ылғалдылық) – 14,0 %, Vdaf (ұшпа заттардың шығуы) – 47,0 %, СТ ТОО 151140021791-073-2022, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарттары – жөнелту басталғанға дейін кемінде 2 (екі) күн бұрын 100 % алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай, жеткізу шарттары – EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі.
Алғашқы сауда сессиясындағы базалық баға 8 895,16 (Сегіз мың сегіз жүз тоқсан бес) теңге 16 тиын.
Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 984,11 (Сегіз мың тоғыз жүз сексен төрт) теңге 11 тиын.
Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1050 тоннадан) аспайды.
Өндірістік жоспарды келісудің ұзаққа созылуына байланысты жеткізу айы ретінде 2026 жылғы сәуір айы қабылданады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
26.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
25.02.2026
- Новости биржи
Өтінімдердің кері қайтарылуы туралы
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
23.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-