-
05.02.2026
- Биржа жаңалықтары
«Каспий» Тауар Биржасы» АҚ (бұдан әрі – «ТБК» АҚ) биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысуларды клирингтік орталық арқылы жүзеге асыру мәселелері жөнінде онлайн-кеңес өткізілетіні туралы хабарлайды.
Естеріңізге саламыз, 2026 жылғы 01 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 75-1-тармағының нормасы күшіне енді. Аталған нормаға сәйкес, тауар биржасында жасалған мәмілелер бойынша биржалық тауарларды төлеу және жеткізу биржаның клирингтік орталығы арқылы жүзеге асырылады. Клирингтік орталық сатып алушы тарапынан шарт сомасының толық төленуін және сатушы тарапынан тауардың тиісінше жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында жасалған биржалық мәміле негізінде контрагенттің функцияларын өзіне алады.
Клирингтік операцияларды жүргізу тетігін түсіндіру, есеп айырысу жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ сауда-саттыққа қатысушылардың ұсыныстарын талқылау мақсатында «ТБК» АҚ ашық онлайн-кездесу өткізуді бастамашы етеді.
Өткізу күні: 2026 жылғы 09 ақпан (дүйсенбі)
Уақыты: 10:30 (Астана қаласының уақыты)
Форматы: онлайн-кездесу (Zoom платформасы)
Онлайн-кездесуге қосылу сілтемесі мен қосымша ақпарат биржа мүшелерінің электрондық мекенжайларына ресми жазбаша хабарлама арқылы жіберілді.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
26.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
25.02.2026
- Новости биржи
Өтінімдердің кері қайтарылуы туралы
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
23.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-