«Шұбаркөл Көмір» АҚ-ның коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша қосымша сауда сессиясын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ-ның сауда бөлімі «Шұбаркөл көмір» АҚ-нан 2026 жылғы 02 ақпандағы № 01-6-0328 шығыс хаттың негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмірмен саудаға қатысушылардың барлығына 2026 жылғы сәуір айына жеткізу жоспары бойынша сатылмай қалған коммуналдық-тұрмыстық көмір көлемдеріне қосымша сауда сессиясының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Сауда сессиясы 2026 жылғы 10 ақпанда бір күн бойы, Астана қаласының уақытымен сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өтеді.

Сауда CL6FCQKS – Қазақстан Республикасы (30 лот) сауда құралы бойынша, келесі техникалық сипаттамалармен өткізіледі:

Қатарлы көмір (0–300 мм) D маркасы, DV кіші тобы, халықтың тұрмыстық қажеттіліктері үшін, төмен күлділігімен, СТ РК 1526-1-2022 стандартына сәйкес.

Лот мөлшері – 345 тонна.

Төлем шарттары – тиеу айы басталғанға дейін кемінде 20 күнтізбелік күн бұрын 100% алдын ала төлем, шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мәміле сомасының 3% мөлшерінде алдын ала қамтамасыз ету.

Жеткізу мерзімі – Т + 3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн).

Жеткізу шарттары – FCA.

Жеткізу базисі – Қызылжар станциясы / Шұбаркөл станциясы (KS).

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жеткізу жоспарының болжамымен www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде танысуға болады.

Қосымша сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты ескере отырып, бір тонна үшін 8 908,8 теңге (сегіз мың тоғыз жүз сегіз) теңге 80 тиын болады.

Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 997,89 теңге (сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті) теңге 89 тиын.

Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1 035 тонна) аспайды.

Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес жүзеге асырылады, атап айтқанда, коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік көмір операторларының тізбесіне сәйкес көмір операторлары тіркелген өңірлерге жеткізіледі

Дереккөз: Товарная биржа Каспий