2026 жылғы сәуір айына жеткізумен Шубарколь комір АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда бөлімі «Шубарколь комір» АҚ-нан 2026 жылғы 13 қаңтардағы № 01.6-0107 кіріс хатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауданы жүргізу қағидаларының 25-бөліміне сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша 2026 жылғы сәуір айына жеткізумен сауда сессияларының басталатыны туралы барлық сауда қатысушыларының назарына жеткізеді. Сауда сессиялары 2026 жылғы 26 қаңтардан 30 қаңтарға дейін бес сауда күні бойы Астана уақытымен 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Сауда келесі сауда құралдары бойынша жүргізіледі:


CL6FCMKS – Қарағанды облысы (10 лот)

CL6FCPKS – Қостанай облысы (5 лот)

CL6FCZKS – Астана қаласы (5 лот)

CL6FCAKS – Алматы қаласы (5 лот)

CL6FCNKS – Қызылорда облысы (5 лот)

CL6FCIKS – Ұлытау облысы (5 лот)

CL6FCYKS – Шымкент қаласы (10 лот)

CL6FCXKS – Түркістан облысы (10 лот)

CL6FCCKS – Ақмола облысы (5 лот)

CL6FCHKS – Жамбыл облысы (5 лот)

CL6FCJKS – Жетісу облысы (5 лот)

CL6FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (5 лот)


Техникалық сипаттамалары:

Халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған Дмаркалы, ДВ кіші тобы, төмен күлділігі бар, СТ РК 1526-1-2022 сәйкес, жолды көмір (0-300 мм).

Лот көлемі — 345 тонна.

Төлем шарттары — жеткізу айы басталғанға дейін кемінде 20 күн бұрын 100% алдын ала төлем, шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде 3% алдын алақамтамасыз ету.

Жеткізу мерзімі — Т+3 ай (Т – мәміле жасалған күн).

Жеткізу шарттары — FCA.

Жеткізу базисі — Қызылжар станциясы / Шубарколь станциясы (KS).

2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізу жоспары www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде орналастырылған.

Барлық сауда құралдары бойынша бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты ескере отырып, бір тонна үшін 8908,8 (Сегіз мың тоғыз жүз сегіз) теңге 80 тиын мөлшерінде болады.


Өтінімнің еңжоғары бағасы 8 997,89 теңге (Сегіз мың тоғыз жүз тоқсан жеті) 89 тиын болады.

Ең жоғары өтінім көлемі: 3 лот (1 035 тонна).

Дереккөз: Товарная биржа Каспий