«Қаражыра» АҚ-ның коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша 2026 жылға арналған жылдық келісімшарттармен сауда сессияларын өткізу туралы.
-
12.12.2025
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Каспий» Тауар биржасы» АҚ Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-нан 2025 жылғы 12 желтоқсанда түскен № 01-6.2/1502 хатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауданың қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша саудаға қатысушылардың барлығына 2026 жылға арналған жылдық келісімшарттар бойынша сауда сессиялары басталатынын хабарлайды. Сауда сессиялары 2025 жылғы 22 желтоқсаннан 26 желтоқсанға дейінгі бес сауда күні ішінде Астана уақытымен 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Сауда келесі сауда құралдары бойынша жүргізіледі:
CL3EXGKG – Абай облысы (54 600 тонна),
CL3EXFKG – Шығыс Қазақстан облысы (121 800 тонна),
келесі техникалық сипаттамалар бойынша – Д маркалы көмір, коммуналдық-тұрмыстық, Түйіршік өлшемі – 0-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділік) – 15,9%, ҚР СТ 1816-2014, лот мөлшері 4 200 тонна, төлем шарттары – ай сайын 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – алтыдан он екі күнтізбелік айға дейінгі кезең (келісілген график бойынша біркелкі), бұл ретте биржалық тауарды жөнелту сауда өткізілген айдан кейінгі үшінші айдан бастап жөнелтілудің басталған жылының желтоқсан айына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады, жеткізу шарты — EXW, Жеткізу базисі – Қаражыра көмір разрезі. Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптасады, логистикаға және өзге де шығындарға қатысты барлық шығыстар биржада жасалған мәміле бағасынан тыс төленеді. 2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспары www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде қолжетімді.
Бірінші сауда сессиясындағы бастапқы баға 8 297,00 (Сегіз мың екі жүз тоқсан жеті) теңге 00 тиын/тонна, ҚҚС-мен.
Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 379,97 (Сегіз мың үш жүз жетпіс тоғыз) теңге 97 тиын.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері – 3 лоттан (12 600 тонна) аспайды.
CL5EXCKG – Ақмола облысы (33 600 тонна),
CL5EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (21 000 тонна),
CL5EXSKG – Павлодар облысы (8 400 тонна),
CL5EXBKG – Алматы облысы (42 000 тонна),
CL5EXPKG – Қостанай облысы (12 600 тонна),
CL5EXJKG – Жетісу облысы (29 400 тонна),
CL5EXZKG – Астана қ. (16 800 тонна),
CL5EXHKG – Жамбыл облысы (16 800 тонна),
CL5EXAKG – Алматы қ. (12 600 тонна),
келесі техникалық сипаттамалар бойынша – Д маркалы көмір, коммуналдық-тұрмыстық, Түйіршік өлшемі – 25-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50 %, Ad (күлділік) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылық) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттар) – 47,0 %, СТ ЖШС 151140021791-12-073-2022, лот мөлшері 4 200 тонна, төлем шарттары – Ай сайын 100% алдын ала төлем, жөнелту басталғанға дейін 2 (екі) күннен кешіктірілмей, жеткізу мерзімі – алтыдан он екі күнтізбелік айға дейінгі кезең (келісілген график бойынша біркелкі), бұл ретте биржалық тауарды жөнелту сауда өткізілген айдан кейінгі үшінші айдан бастап жөнелтілудің басталған жылының желтоқсан айына дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады, жеткізу шарты – EXW, Жеткізу базисі – Қаражыра көмір кеніші. Баға Қаражыра көмір кенішінде қалыптасады, логистикаға және өзге де шығындарға қатысты барлық шығыстар биржада жасалған мәміле бағасынан тыс төленеді. 2025 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспары www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде қолжетімді.
Бірінші сауда сессиясындағы бастапқы баға барлық сауда құралдары бойынша 8 344,82 (Сегіз мың үш жүз қырық төрт) теңге 82 тиын/тонна, ҚҚС-мен.
Өтінімнің ең жоғары бағасы – 8 428,27 (Сегіз мың төрт жүз жиырма сегіз) теңге 27 тиын.
Өтінімнің ең жоғары мөлшері – 3 лоттан (12 600 тонна) аспайды.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
26.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
25.02.2026
- Новости биржи
Өтінімдердің кері қайтарылуы туралы
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
23.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-