Өтінімдерді беру алгоритмдерін ңартуӨтінімдерді беру алгоритмдерін жаңарту

Осы арқылы «Каспий» тауар Биржасы» АҚ Сауда департаменті Биржаның электрондық сауда алаңында (Trade.ccx.kz) өтінімдерді беру кезінде капча механизмінің енгізілгенін хабарлайды. Бұл шара Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы №280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 9-тарауының талаптарына сәйкес биржалық саудаларды автоматтандыру шеңберінде іске асырылып, сауда қатысушыларының өтінімдерді дұрыс және қауіпсіз беруін қамтамасыз етуге бағытталған.


Өтінім беру алгоритмінің жаңартылуына байланысты төмендегіні хабарлаймыз:

  1. капча адам араласуынсыз автоматты түрде генерацияланады;
  2. капча тек сандардан тұрады;
  3. «Капча» жолында «copy–paste» тәсілімен таңбаларды кірістіруге тыйым салынған;
  4. капчаны оның бейнесіне басу арқылы жаңарту функциясы іске асырылды;
  5. капчаны жаңарту өтінімнің басқа өрістерінде енгізілген деректердің жоғалуына әкелмейді.


Саудаға қатысушылардың капчаны айналып өту әдістері мен тәсілдері де автоматтандыру болып танылады, бұл биржаның бекітілген ішкі құжаттарына сәйкес сауда қатысушысын жауапкершілік шараларына тартуға әкеледі.


Өтінім беру процесінің қалған функционалы өзгеріссіз қалды ( «Өтінім беру» батырмасы курсорды навигациялау және тінтуірмен басу арқылы белсендіріледі).


Trade.ccx электрондық сауда алаңының жүйесіне қатысты қосымша назар аударамыз:

  1. Trade.ccx – «Каспий» тауар Биржасы» АҚ-ның меншікті әзірлемесі және толықтай Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан серверлерде жұмыс істейді;
  2. платформада VPN-қосылымдары, шетелдік сервистер, сыртқы CAPTCHA-шешімдер, үшінші елдердің API-лары немесе өзге де бөгде бағдарламалық модульдер пайдаланылмайды;
  3. жүйе шетелдік платформаларға тәуелсіздігі мен толық автономдылығының арқасында жоғары тұрақтылықпен және ақпараттық қауіпсіздікпен ерекшеленеді;
  4. өтінімдерді өңдеу жылдамдығы оңтайландырылған ішкі алгоритм арқылы арттырылған;
  5. бөгде сервистерді пайдаланбау техникалық ақаулар тәуекелдерін төмендетеді;
  6. автоматтандырылған әрекеттерден қорғау тетігі платформаның ядросына тікелей ендірілген;
  7. пайдаланушыларға қосымша бағдарламалық қамтамасыз ету, VPN немесе плагиндер орнатпастан жұмыс істеуге мүмкіндік береді, бұл жүйені қолжетімді әрі ыңғайлы етеді;
  8. сауда аяқталғаннан кейін PDF форматында биржалық мәміле бойынша есеп автоматты түрде қалыптастырылады, онда құжаттың түпнұсқалығын және заңды күшін растайтын электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) QR-коды қамтылады.


Дереккөз: Товарная биржа Каспий