-
26.11.2025
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Каспий тауар биржасы» АҚ-ның Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-нан 2025 жылғы 25 қарашадағы № 01-6/1416 шығыс хатының негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-бөліміне сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша барлық сауда қатысушыларына 2025 жылғы желтоқсан айына арналған жеткізу жоспары бойынша іске асырылмаған көлемдерге қосымша сауда сессиясының өткізілетінін хабарлайды.
Қосымша сауда сессиясы 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 15:00-ден 16:00-ге дейін бір күн өтеді. Сауда келесі сауда құралы бойынша жүргізіледі: CL2FCQDG – Қазақстан Республикасы (12 лот), келесі техникалық сипаттамалар бойынша: Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, түйіршік класы – 0–300 мм, Qri (жанудың төменгі жылуы) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділік) – 15,9 %, СТ РК 1816-2014. Лот көлемі – 350 тонна. Төлем шарттары – 100% алдын ала төлем. Жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұнда Т – мәміле жасалған күн). Жеткізу шарттары – FCA, жеткізу базисі – Дегелен ст., жеткізу өңірі – Қазақстан Республикасы. Баға Дегелен станциясында қалыптасады, Дегеленнен кейінгі логистикамен байланысты барлық шығындар биржада жасалған мәміле бағасына қосымша төленеді.
2025 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің болжамды жеткізу жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде танысуға болады.
Қосымша сауда сессиясының базалық бағасы 10 373,69 теңге (Он мың үш жүз жетпіс үш теңге 69 тиын) құрайды.
Өтінімнің максималды бағасы 10 477,43 теңге (Он мың төрт жүз жетпіс жеті теңге 43 тиын).
Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1050 тонна) аспайды.
Қазақстан Республикасына жеткізілетін коммуналдық-тұрмыстық көмірді жөнелту Биржалық сауда қағидаларының 235-тармағына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
26.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
25.02.2026
- Новости биржи
Өтінімдердің кері қайтарылуы туралы
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
23.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-