Өтінімдердің қабылданбауы туралы

«Каспий» тауар биржасы» АҚ сауда бөлімі 2025 жылғы 13 қарашада өткен «ВостокУгольПром» ЖШС коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша биржалық сауда сессияларындағы өтінімдердің қабылданбағаны туралы хабарлайды.

Аталған шешім Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы №155-IV «Тауар биржалары туралы» Заңының 19-бабының 1-2-тармақтарына, сондай-ақ биржалық саудаға қатысу процесінде автоматтандырылған алгоритмдерді айқындау әдістемесінің 4.4-тармағына және «Каспий» тауар биржасы» АҚ қолданатын жауапкершілік шараларына сәйкес қабылданды.

Өтінімдер келесі сауда құралдары бойынша қабылданбады:

  1. CL4EXCKG – 1 лот (Ақмола облысы);
  2. CL4EXZKG – 5 лот (Астана қ.);
  3. CL4EXTKG – 4 лот (Солтүстік Қазақстан облысы);
  4. CL4EXSKG – 2 лот (Павлодар облысы).

Аталған өтінімдер бойынша биржалық мәмілелер жасалған жоқ.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий