2025 жылдың желтоқсан айына жеткізіліммен ТОО «ВостокУгольПром» коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы
-
12.11.2025
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
«Каспий» тауар Биржасы» АҚ сауда бөлімі «ВостокУгольПром» ЖШС 2025 жылғы 11 қарашадағы № 836-2025 хаттың келіп түсуіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда ережелерінің 25-тарауына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмірмен сауда-саттыққа қатысушылардың барлығына 2025 жылғы желтоқсан айына жеткізіліммен сауда сессияларының басталатыны туралы хабарлайды.
Сауда сессиялары 2025 жылғы 20 қарашадан 26 қарашаға дейін бес сауда күні бойы Астана уақытымен сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өткізіледі. Сауда келесі сауда құралдары бойынша жүргізіледі:
- CL4EXCKG – Ақмола облысы (6 лот), алғашқы сауда күніне базалық баға – 9 571,42 теңге, өтінімнің ең жоғарғы бағасы – 9 667,13 теңге.
- CL4EXTKG – Солтүстік Қазақстан облысы (5 лот), базалық баға – 9 776,48 теңге, ең жоғарғы баға – 9 874,24 теңге.
- CL4EXSKG – Павлодар облысы (2 лот), базалық баға – 8 670,97 теңге, ең жоғарғы баға – 8 757,68 теңге.
- CL4EXBKG – Алматы облысы (8 лот), базалық баға – 8 542,39 теңге, ең жоғарғы баға – 8 627,81 теңге.
- CL4EXPKG – Қостанай облысы (2 лот), базалық баға – 8 422,56 теңге, ең жоғарғы баға – 8 506,79 теңге.
- CL4EXJKG – Жетісу облысы (10 лот), базалық баға – 9 056,47 теңге, ең жоғарғы баға – 9 147,03 теңге.
- CL4EXZKG – Астана қ. (4 лот), базалық баға – 9 400,82 теңге, ең жоғарғы баға – 9 494,83 теңге.
- CL4EXHKG – Жамбыл облысы (7 лот), базалық баға – 9 116,54 теңге, ең жоғарғы баға – 9 207,71 теңге.
- CL4EXAKG – Алматы қ. (1 лот), базалық баға – 8 311,18 теңге, ең жоғарғы баға – 8 394,29 теңге.
- CL4EXDKG – Ақтөбе облысы (1 лот), базалық баға – 8 066,22 теңге, ең жоғарғы баға – 8 146,88 теңге.
Техникалық сипаттамалары:
Көмір маркасы – Д, коммуналдық-тұрмыстық, түйіршік класы – 25–300 мм,
Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 5000 ккал/кг, Sdt (күкірт) – 0,50%, Ad (күлділігі) – 16%, Wrt (жалпы ылғалдылық) – 14,0%, Vdaf (ұшпа заттар) – 47,0%.
СТ ЖШС 151140021791-12-073-2022.
Лот көлемі: 350 тонна.
Төлем шарты: тиеп-жөнелтудің басталуына дейінгі 2 (екі) күннен кешіктірмей 100% алдын ала төлем.
Жеткізу мерзімі: T+3 ай (мұнда T – мәміле жасалған күн).
Жеткізу шарты: EXW, жеткізу базисі – Қаражыра көмір кеніші.
Баға Қаражыра кенішінде қалыптасады, ал логистика және өзге де шығындар биржада келісілген бағаға қосымша төленеді.
2025 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің шамамен жоспары www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде орналастырылған.
Өтінімнің ең жоғарғы көлемі – 3 лоттан аспайды.
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
26.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
25.02.2026
- Новости биржи
Өтінімдердің кері қайтарылуы туралы
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
23.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-