2026 жылғы қаңтар айына жеткізумен Шубарколь комір АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы
-
07.11.2025
- Биржа жаңалықтары
- Көмір
Осы арқылы «Каспий» Тауар Биржасы» АҚ Сауда бөлімі «Шубарколь комір» АҚ-нан 2025 жылғы 7 қарашадағы № 01.6-3627 кіріс хатына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауданы жүргізу қағидаларының 25-бөліміне сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша 2026 жылғы қаңтар айына жеткізумен сауда сессияларының басталатыны туралы барлық сауда қатысушыларының назарына жеткізеді. Сауда сессиялары 2025 жылғы 17 қарашадан 21 қарашаға дейін бес сауда күні бойы Астана уақытымен 15:00-ден 16:00-ге дейін өткізіледі.
Сауда келесі сауда құралдары бойынша жүргізіледі:
- CL6FCMKS – Қарағанды облысы (20 лот)
- CL6FCPKS – Қостанай облысы (20 лот)
- CL6FCZKS – Астана қаласы (20 лот)
- CL6FCAKS – Алматы қаласы (5 лот)
- CL6FCBKS – Алматы облысы (20 лот)
- CL6FCNKS – Қызылорда облысы (20 лот)
- CL6FCIKS – Ұлытау облысы (5 лот)
- CL6FCYKS – Шымкент қаласы (15 лот)
- CL6FCXKS – Түркістан облысы (45 лот)
- CL6FCCKS – Ақмола облысы (5 лот)
- CL6FCHKS – Жамбыл облысы (5 лот)
- CL6FCJKS – Жетісу облысы (10 лот)
- CL6FCTKS – Солтүстік Қазақстан облысы (10 лот)
Техникалық сипаттамалары:
Халықтың тұрмыстық қажеттіліктеріне арналған Д маркалы, ДВ кіші тобы, төмен күлділігі бар, СТ РК 1526-1-2022 сәйкес, жолды көмір (0-300 мм).
Лот көлемі — 345 тонна.
Төлем шарттары — 100% алдын ала төлем – тиеп-жөнелтілетін айдың басталуына 20 күн қалғанда, шартқа қол қойылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей мәміле сомасының 3% мөлшерінде алдын ала қамтамасыз ету.
Жеткізу мерзімі — Т+3 ай (Т – мәміле жасалған күн).
Жеткізу шарттары — FCA.
Жеткізу базисі — Қызылжар станциясы / Шубарколь станциясы (KS).
2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізу жоспары www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде орналастырылған.
Бастапқы баға: 8 218,60 теңге (ҚҚС-мен).
Ең жоғары баға: 8 300,79 теңге.
Ең жоғары өтінім көлемі: 3 лот (1 035 тонна).
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
Бұл бөлімнің соңғы жаңалықтары
Өту-
-
26.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
25.02.2026
- Новости биржи
Өтінімдердің кері қайтарылуы туралы
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-
-
-
23.02.2026
- Новости биржи
- Көмір
Дереккөз: Товарная биржа Каспий
-