2025 жылдың желтоқсан айына жеткізілімімен «Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша сауда сессияларын өткізу туралы

«Каспий» Тауар Биржасы» АҚ-ның Сауда департаменті «Қаражыра» АҚ-дан 2025 жылғы 03 қарашадағы № 01-6/1310 кіріс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда ережелерінің 25-тарауына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша саудаға қатысушылардың назарына 2025 жылдың желтоқсан айына жеткізілімімен сауда сессиялары басталатынын жеткізеді.

Сауда сессиялары 2025 жылғы 12 қарашадан 18 қарашаға дейінгі бес сауда күні ішінде, Астана уақытымен 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі.

Сауда келесі сауда құралдары бойынша өткізіледі:

CL2FCGDG – Абай облысы (27 лот), сауданың бірінші күніндегі бастапқы баға 10 786,66 теңге (он мың жеті жүз сексен алты) теңге 66 тиын, максималды баға 10 894,53 теңге (он мың сегіз жүз тоқсан төрт) теңге 53 тиын.

CL2FCFDG – ШҚО (34 лот), сауданың бірінші күніндегі бастапқы баға 10 278,33 теңге (он мың екі жүз жетпіс сегіз) теңге 33 тиын, максималды баға 10 381,11 теңге (он мың үш жүз сексен бір) теңге 11 тиын.

Техникалық сипаттамалары – көмір маркасы Д, коммуналдық-тұрмыстық, түйіршік класы – 0-300 мм, Qri (жануының төменгі жылу шығару қабілеті) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділік) – 15,9%, СТ РК 1816-2014, лот көлемі 350 тонна, төлем шарты – 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарты – FCA, жеткізу базисі – Дегелен ст., жеткізу өңірі – Қазақстан Республикасы. Баға Дегелен ст. бойынша қалыптасады, барлық өзге шығындар, оның ішінде логистикаға байланысты шығындар да, Дегелен ст. кейін, биржада мәміле жасалған бағадан тыс төленеді.

2025 жылға коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізу жоспары www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде қолжетімді.

Өтінімнің максималды көлемі 3 лоттан (1050 тонна) артық емес.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий