«Қаражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірі бойынша қосымша сауда сессиясын өткізу туралы

«Каспий» Тауар Биржасы» АҚ-ның Сауда департаменті «Қаражыра» АҚ-дан 2025 жылғы 03 қарашадағы № 01-6/1307 кіріс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда ережелерінің 25-тарауына сәйкес, коммуналдық-тұрмыстық көмір бойынша саудаға қатысушылардың назарына 2025 жылдың қараша айына арналған жеткізу жоспары бойынша іске асырылмаған көлемдерге байланысты қосымша сауда сессиясы өткізілетінін жеткізеді.

Сауда сессиясы 2025 жылғы 12 қараша күні, Астана уақытымен 15:00-ден 16:00-ге дейін, бір күн өткізіледі.

Сауда CL2FCQDG – Қазақстан Республикасы (47 лот) сауда құралы бойынша:

техникалық сипаттамалары - көмір маркасы Д, коммуналдық-тұрмыстық, түйіршік класы – 0-300 мм, Qri (жануының төменгі жылу шығару қабілеті) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділік) – 15,9%, СТ РК 1816-2014, лот мөлшері 350 тонна, төлем шарты – 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарты – FCA, жеткізу базисі – Дегелен ст., жеткізу өңірі – Қазақстан Республикасы.

Баға Дегелен ст. бойынша қалыптасады, барлық өзге шығындар, оның ішінде Дегелен ст. кейінгі логистикалық шығындар да, биржада мәміле жасалған бағадан тыс төленеді.

Коммуналдық-тұрмыстық көмірді 2025 жылға жеткізу бойынша индикативтік жоспар www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде қолжетімді.

Қосымша сауда сессиясындағы бастапқы баға 10 270,98 теңге (он мың екі жүз жетпіс) теңге 98 тиын/тонна (ҚҚС есебімен) құрайды.

Максималды баға 10 373,69 теңге (он мың үш жүз жетпіс үш) теңге 69 тиын.

Өтінімнің ең жоғары көлемі – 3 лоттан (1050 тонна) артық емес.

Коммуналдық-тұрмыстық көмірді Қазақстан Республикасының аумағына жеткізу Биржалық сауда ережелерінің 235-тармағына сәйкес, тек коммуналдық-тұрмыстық көмірдің өңірлік операторлары тіркелген өңірлерге жүзеге асырылады.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий