«Каражыра» АҚ коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша сауда сессиясын өткізу туралы

Осы арқылы «Каспий» тауар Биржасы» АҚ Сауда бөлімі 2025 жылғы 8 тамыздағы № 01-6/909 шығыс хатымен «Каражыра» АҚ-нан түскен хаттың негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауданы өткізу қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасының барлық қатысушыларына 2025 жылғы қыркүйек айына арналған жеткізу жоспары бойынша өткізілмеген көлемдерге қосымша сауда сессиясы өткізілетінін хабарлайды.

Сауда сессиясы тек бір күн – 2025 жылғы 20 тамызда сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша) өткізіледі. Сауда келесі сауда құралымен жүргізіледі: CL2FCQDG – Қазақстан Республикасы (55 лот), техникалық сипаттамалары: көмір маркасы Д, коммуналдық-тұрмыстық, түйірлілік класы – 0-300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) – 4900 ккал/кг, Ad (күлділігі) – 15,9%, СТ РК 1816-2014, лот көлемі – 350 тонна, төлем шарты – 100% алдын ала төлем, жеткізу мерзімі – Т+3 ай (мұндағы Т – мәміле жасалған күн), жеткізу шарты – FCA, жеткізу базисі – Дегелен ст., жеткізу өңірі – Қазақстан Республикасы.

Баға Дегелен станциясы бойынша қалыптастырылады, ал Дегелен станциясынан кейінгі барлық өзге шығындар, соның ішінде логистикаға байланысты шығындар, тауар биржасында мәміле бойынша қалыптасқан бағадан тыс төленеді. 2025 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірді жеткізудің болжамды жоспары www.ccx.kz сайтындағы «Нарықтар» – «Көмір» бөлімінде орналастырылған.


Бастапқы баға: тоннасына 10 068,60 теңге (ҚҚС қоса алғанда).


Ең жоғары өтінім бағасы: тоннасына 10 169,29 теңге.


Өтінімнің ең жоғары көлемі: 3 лоттан (1050 тоннадан) артық емес.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий