«Қаражыра» АҚ-ның коммуналдық-тұрмыстық көмірінің қосымша көлемі бойынша 2026 жылғы қарашада жеткізілетін сауда сессияларын өткізу туралы

«Каспий» тауар биржасы» АҚ-ның Сауда бөлімі «Қаражыра» АҚ-ның 2026 жылғы 29 қазандағы № 01-6.2/1812 шығыс хаты негізінде және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 бұйрығымен бекітілген Биржалық сауда қағидаларының 25-тарауына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық көмір саудасына қатысушылардың барлығына 2026 жылғы қараша айына арналған жеткізу жоспары бойынша 2026 жылғы қарашада жеткізілетін қосымша көлем бойынша сауда сессияларының басталатынын хабарлайды.


Сауда сессиялары 2026 жылғы 9 қарашадан 13 қарашаға дейін бес сауда күні бойы Астана қаласының уақытымен сағат 14:00-ден 15:00-ге дейін өткізіледі. Сауда-саттық мынадай сауда құралдары бойынша өткізіледі:


CL2EXGKG — Абай облысы (6 лот)

CL2EXFKG — Шығыс Қазақстан облысы (6 лот)

CL2EXCKG — Ақмола облысы (6 лот)

CL2EXZKG — Астана қаласы (6 лот)

CL2EXTKG — Солтүстік Қазақстан облысы (6 лот)

CL2EXSKG — Павлодар облысы (6 лот)

CL2EXHKG — Жамбыл облысы (6 лот)

CL2EXJKG — Жетісу облысы (6 лот)


Көмірдің техникалық сипаттамалары: Д маркалы коммуналдық-тұрмыстық көмір, ірілік класы — 0–300 мм, Qri (отынның төменгі жану жылуы) — 4 900 ккал/кг, Ad (күлділігі) — 15,9%, «СТ ТОО 1816-2014».


Лот мөлшері — 350 тонна. Төлем шарттары — 100% алдын ала төлем. Жеткізу мерзімі — T+3 ай (мұндағы T — мәміле жасалған күн). Жеткізу шарттары — EXW. Жеткізу базисі — Қаражыра көмір разрезі.


Баға Қаражыра көмір разрезінде қалыптастырылады. Көмір разрезінен кейінгі логистикаға байланысты шығындарды қоса алғанда, өзге барлық шығындар тауар биржасында мәміле жасалған бағаға қосымша төленеді.


2026 жылға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізудің болжамды жоспарымен www.ccx.kz сайтындағы «Көмір» – «Нарық және қорытындылар» – «Жеткізу жоспары» бөлімінде танысуға болады.


Бірінші сауда сессиясындағы базалық баға ҚҚС-ты ескере отырып, тоннасына 8 571,31 (Сегіз мың бес жүз жетпіс бір теңге 31 тиын) болады.


Өтінімнің ең жоғары бағасы ҚҚС-ты ескере отырып, тоннасына 8 657,02 (Сегіз мың алты жүз елу жеті теңге 02 тиын) болады.


Өтінімнің ең жоғары мөлшері — 3 лоттан (1 050 тоннадан) аспайды.


Өндірістік жоспарды ұзақ келісуге байланысты жеткізілімнің басталу айы ретінде 2026 жылғы қараша белгіленеді.

Дереккөз: Товарная биржа Каспий